Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Польша Украинаның мүддесін өзінікінен жоғары қоймайды – Навроцкий

© Sputnik / Медиабанкке өтуВаршава
Варшава - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2025
Жазылу
Польша Украинаға көмектесті және қазір де көмектесіп жатыр, деп атап өтті президент
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Польша Украинаның мүддесін өзінікінен жоғары қоймайды, деп мәлімдеді Польша президенті Кароль Навроцкий Wpolsce24 басылымына берген сұхбатында.
"Бұл серіктестік қатынас болуы керек, яғни Польша мемлекетінің мүддесі мен Украинаның мүддесі арасындағы тепе-теңдікті табуға ұмтылу қажет. Польша мүддесін Украинаның барлық талабын орындауға кепіл болуға тиіс нәрсе деп санауға болмайды", — деді Навроцкий.
"Польша Украинаға көмектесті және қазір де көмектесіп жатыр, алайда әлемде біреу, мысалы, президент Зеленский, мені маңызды мәселелерде поляктардың үнін жеткізбейді деп ойласа, онда олар қатты қателеседі", — деп толықтырды ол.
Маусым айында Польшаның сайланған президенті Кароль Навроцкий Украина басшысы Владимир Зеленскийдің құттықтауына жауап ретінде оған шешілмеген тарихи мәселелерді еске салды. Навроцкий сайлау науқаны кезінде Украина туралы айта келе, Волынь қырғынының шешілмеген мәселесін, атап айтқанда, Украинадағы құрбандарды эксгумациялау жұмыстарын жүргізу қажеттігін бірнеше рет атап өтті.
Айта кетері, 2017 жылы Украина Волынь қырғыны болған жерде іздеу және эксгумация жұмыстарына мораторий енгізген болатын.
Вооруженный украинский военнослужащий, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Польша министрі Украинадағы қақтығыс тараптардың бірі әлсіремей тоқтамайтынын айтты
Жаңалықтар
0