https://sputnik.kz/20251113/europalyq-komissiya-ukrainaga-shamamen-6-mlrd-euro-boledi-58735059.html
Еуропалық комиссия Украинаға шамамен 6 млрд еуро бөледі
Еуропалық комиссия Украинаға шамамен 6 млрд еуро бөледі
Sputnik Қазақстан
ЕО Украинаға жыл соңына дейін шамамен 18 миллиард еуро несие беруге міндеттенген болатын 13.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-13T14:20+0500
2025-11-13T14:20+0500
2025-11-13T14:22+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32383136_0:38:3037:1746_1920x0_80_0_0_cd0296100d410cb8276be4558a296a49.jpg
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Еуропалық комиссия Киевке Ресей активтерінен түсетін кірістерден және Украинаға арналған ЕО қорынан 6 миллиард еуро аударады, деп хабарлады Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен Еуропарламент депутаттары алдында сөйлеген сөзінде.Жалпы алғанда, ЕО бұған дейін G7 келіскен 45 миллиард еуро көлеміндегі несие аясында Украинаға жыл соңына дейін шамамен 18 миллиард еуро несие беруге міндеттенген болатын. Бұл Ресей активтерінен түсетін кірістерден өтелетін болады.Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін Еуроодақ пен "Үлкен жетілік" елдері Ресейдің шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттаған. 200 миллиардтан астам қаражат Еуроодақта, негізінен (176 миллиард) әлемдегі ең ірі есеп айырысу және клиринг жүйелерінің бірі – бельгиялық Euroclear шоттарында жатыр.Ресей сыртқы істер министрлігі бұл әрекеттерді бірнеше рет ұрлық деп атап, ЕО жеке тұлғалардың қаражатын ғана емес, сонымен бірге мемлекет активтерін де бұғаттағанын мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20251112/germaniya-ukrainaga-40-mln-euro-boledi-58694837.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32383136_154:0:2885:2048_1920x0_80_0_0_a5c6dbc0ffec4ec99f512a091635980e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Еуропалық комиссия Украинаға шамамен 6 млрд еуро бөледі
14:20 13.11.2025 (жаңартылды: 14:22 13.11.2025) ЕО Украинаға жыл соңына дейін шамамен 18 миллиард еуро несие беруге міндеттенген болатын
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Еуропалық комиссия Киевке Ресей активтерінен түсетін кірістерден және Украинаға арналған ЕО қорынан 6 миллиард еуро аударады, деп
хабарлады Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен Еуропарламент депутаттары алдында сөйлеген сөзінде.
"Бүгін біз ERA несиесінен және арнайы Украина қорынан шамамен 6 миллиард еуро бөлеміз", - деді ол.
Жалпы алғанда, ЕО бұған дейін G7 келіскен 45 миллиард еуро көлеміндегі несие аясында Украинаға жыл соңына дейін шамамен 18 миллиард еуро несие беруге міндеттенген болатын. Бұл Ресей активтерінен түсетін кірістерден өтелетін болады.
Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін Еуроодақ пен "Үлкен жетілік" елдері Ресейдің шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттаған. 200 миллиардтан астам қаражат Еуроодақта, негізінен (176 миллиард) әлемдегі ең ірі есеп айырысу және клиринг жүйелерінің бірі – бельгиялық Euroclear шоттарында жатыр.
Ресей сыртқы істер министрлігі бұл әрекеттерді бірнеше рет ұрлық деп атап, ЕО жеке тұлғалардың қаражатын ғана емес, сонымен бірге мемлекет активтерін де бұғаттағанын мәлімдеді.