Астанада лифт құлап, бір адам көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневКабина лифта, кнопки
Кабина лифта, кнопки - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2025
Жазылу
Лифт ішінде қызмет көрсетуші ұйымның жұмысшылары болған
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Астанада лифт құлап, бір адам көз жұмды. Оқиға салдарынан тағы екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше лифт құлаған кезде оның ішінде қызмет көрсетуші ұйымның жұмысшылары жөндеу жүргізіп жатқан.
"Елордадағы тұрғын үйлердің бірінде лифт құлау дерегі бойынша абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше жарақат алған екі қызметкер көпбейінді қалалық №1 ауруханаға жеткізілген.
"Бір науқастың жағдайы орташа ауыр, екіншісінің жағдайы ауыр деп бағаланды. Бір науқас анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде, екіншісі политравма бөлімінде ем қабылдап жатыр", - дейді дәрігерлер.
Лифт - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2025
Шымкентте ер адам лифт шахтасына құлап мерт болды
Жаңалықтар
0