Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Мемлекеттік хатшысы ресейлік активтерге қатысты жағдайға түсініктеме берді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуВашингтондағы Ақ үй
Вашингтондағы Ақ үй - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2025
Жазылу
23 қазанда Брюссельдегі саммитте ЕО мемлекет басшылары Ресей Федерациясының бұғатталған активтерін Украинаға несие беру үшін негіз ретінде пайдалану туралы ұсынысы бойынша келісімге келе алмады
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. АҚШ бірнеше еуропалық елдің Украина үшін ресейлік активтерді пайдалануға қарсы екенінен хабардар, деп мәлімдеді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио.
"Біз Еуропаның қандай күш салып жатқанынан хабардармыз. Бірақ мұны құптамайтын кейбір ел бар екені анық, бірақ бұл Еуропаның ісі", - деді Рубио ресейлік активтерге қатысты пікір білдіріп.
23 қазанда Брюссельдегі саммитте ЕО мемлекет басшылары Еуропалық комиссияның Ресей Федерациясының Орталық банкінің бұғатталған активтерін Украинаға несие беру үшін негіз ретінде пайдалану туралы ұсынысы бойынша келісімге келе алмады. Олар бұл мәселені 18-19 желтоқсандағы Еуропалық Кеңестің отырысында қайта талқылайды.
Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін Еуроодақ пен "Үлкен жетілік" елдері Ресейдің шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттаған. 200 миллиардтан астам қаражат Еуроодақта, негізінен (176 миллиард) әлемдегі ең ірі есеп айырысу және клиринг жүйелерінің бірі – бельгиялық Euroclear шоттарында жатыр.
Ресей сыртқы істер министрлігі бұл әрекеттерді бірнеше рет ұрлық деп атап, ЕО жеке тұлғалардың қаражатын ғана емес, сонымен бірге мемлекет активтерін де бұғаттағанын мәлімдеді.
Российские Вооруженные Силы нанесли удар ВСУ - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысы Украинадағы қақтығыс туралы мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0