https://sputnik.kz/20251112/tmd-elderindegi-baq-ta-dostyq-pen-adaldyq-negiz-boluy-kerek---dmitriy-kiselev-58698206.html
ТМД елдеріндегі БАҚ-та достық пен адалдық негіз болуы керек - Дмитрий Киселев
ТМД елдеріндегі БАҚ-та достық пен адалдық негіз болуы керек - Дмитрий Киселев
Sputnik Қазақстан
Форумға Ресей мен көршілес елдердің БАҚ саласының көрнекті өкілдері қатысты 12.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-12T12:37+0500
2025-11-12T12:37+0500
2025-11-12T12:45+0500
қазақстан
ресей
форум
https://sputnik.kz/img/07e9/09/18/57334049_0:0:2945:1657_1920x0_80_0_0_595fe6457fc55ded434f2a4e9b1eba8a.jpg
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Мәскеуде "Өзгермелі әлемдегі медиа дамуы" атты IV ТМД медиа форумы өтуіп жатыр."Россия Сегодня" медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселев форумға қатысушыларғ алдында сөз сөйледі. Ол махаббат, достық, адалдық және көмектесуге деген ұмтылыс ТМД-дағы БАҚ-тың негізгі құндылықтары болуы керек деді.Sputnik тілшісінің хабарлауынша, медиа топтың алаңында ресейлік және көршілес елдердің медиа салаларының өкілдері жиналды. Олар БАҚ-та жасанды интеллектіні пайдалану, журналистік жұмыстағы құқықтық мәселелер, медиатұтыну ерекшеліктері және кәсіби этика мәселелерін талқылады.Іс-шара цифрлық дәуірдің жылдам өзгерістері жағдайында кәсіби байланыстарды нығайту және тұрақты ұлттық БАҚ-ты дамытуға бағытталған. Медиа форумды "Россия сегодня" халықаралық медиа тобы Ресей Федерациясының цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникация министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.Мәскеудегі "Россия сегодня" халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында ТМД елдерінің IV "Өзгермелі әлемдегі медианы дамыту" медиа форумы өтіп жатыр."Өзгермелі әлемдегі медиа дамуы" атты ТМД медиа форумы кәсіби ортаны талдау, перспективаларды болжау және салалық даму тәуекелдеріне қарсы тұру тетіктерін әзірлеу, сондай-ақ ТМД-дағы саланың ең өзекті мәселелерін талқылау алаңы болып табылады. Іс-шара цифрлық дәуірдегі жылдам өзгерістер жағдайында кәсіби байланыстарды нығайту және тұрақты ұлттық БАҚ-ты дамытуды мақсат етеді.
https://sputnik.kz/20251111/qazaqstan-men-resey-zhastary-oniraralyq-yntymaqtastyqty-nygaytyp-zhatyr-58668938.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/18/57334049_214:0:2945:2048_1920x0_80_0_0_26412aab297f4098299127f4e8b2f18a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей, форум
ТМД елдеріндегі БАҚ-та достық пен адалдық негіз болуы керек - Дмитрий Киселев
12:37 12.11.2025 (жаңартылды: 12:45 12.11.2025) Форумға Ресей мен көршілес елдердің БАҚ саласының көрнекті өкілдері қатысты
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Мәскеуде "Өзгермелі әлемдегі медиа дамуы" атты IV ТМД медиа форумы өтуіп жатыр.
"Россия Сегодня" медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселев форумға қатысушыларғ алдында сөз сөйледі. Ол махаббат, достық, адалдық және көмектесуге деген ұмтылыс ТМД-дағы БАҚ-тың негізгі құндылықтары болуы керек деді.
"Қазіргі уақытта көптеген жалған жаңалық, соның ішінде цифрлық жаңалықтар бар. Бірақ егер сіздерде осы қасиеттердің негізі болса, біз қоғам, халықтар, елдер ретінде жеңіске жетеміз", - деді Дмитрий Киселев.
Sputnik тілшісінің хабарлауынша, медиа топтың алаңында ресейлік және көршілес елдердің медиа салаларының өкілдері жиналды. Олар БАҚ-та жасанды интеллектіні пайдалану, журналистік жұмыстағы құқықтық мәселелер, медиатұтыну ерекшеліктері және кәсіби этика мәселелерін талқылады.
Іс-шара цифрлық дәуірдің жылдам өзгерістері жағдайында кәсіби байланыстарды нығайту және тұрақты ұлттық БАҚ-ты дамытуға бағытталған. Медиа форумды "Россия сегодня" халықаралық медиа тобы Ресей Федерациясының цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникация министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Мәскеудегі "Россия сегодня" халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында ТМД елдерінің IV "Өзгермелі әлемдегі медианы дамыту" медиа форумы өтіп жатыр.
"Өзгермелі әлемдегі медиа дамуы" атты ТМД медиа форумы кәсіби ортаны талдау, перспективаларды болжау және салалық даму тәуекелдеріне қарсы тұру тетіктерін әзірлеу, сондай-ақ ТМД-дағы саланың ең өзекті мәселелерін талқылау алаңы болып табылады. Іс-шара цифрлық дәуірдегі жылдам өзгерістер жағдайында кәсіби байланыстарды нығайту және тұрақты ұлттық БАҚ-ты дамытуды мақсат етеді.