Орынборда әр төртінші үздік оқушы кәсіптік техникалық училищеге түседі – губернатор

© Sputnik / Санат ИмангалиевXXI Өңіраралық ынтымақтастық форумы
XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2025
Жазылу
Өңір басшысы білім беру ұйымдары мен кәсіпорындардың ынтымақтастығы туралы айтты
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Ресейдің Орынбор облысында әр төртінші үздік оқушы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға түсіп жатыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне өңір губернаторы Евгений Солнцев айтты.
© Sputnik / Санат ИмангалиевЕвгений Солнцев
Евгений Солнцев - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2025
Евгений Солнцев
"Бізде кәсіптік білім беру жүйесі жақсы дамыған, тұтастай алғанда, біз Ресей Федерациясының кәсіптік даярлық жақсы жолға қойылған алты аймағының қатарына кіреміз. Бүгінде әр төртінші үздік оқушы кәсіптік-техникалық училищеге барып, әрі оқиды, әрі жұмыс істейді", – деді ол XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумының алаңында.
Оның айтуынша, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен білім беру ұйымдарының ынтымақтастығы барлық тарап үшін маңызды.
"Біз бүгін студенттерді қабылдап, оларды оқытып, кейін бірден кәсіпорында жұмысқа орналастырып жатырмыз. Бұл өте маңызды, өйткені студент сұранысқа ие мамандықты алады, ал жұмыс беруші өзіне қажет маманды табады", – деп атап өтті Солнцев.
Губернатордың айтуынша, студенттер "қолмен істеп көруге болатын" мамандық алып, өзіне ол кәсіп ұнай ма, жоқ па – соны түсінеді.
"Біз үшін қазақстандық студенттердің елімізде оқып жатқаны өте маңызды және бұл байланысты үзбей ұстап отырмыз. Тек өткен жылдың өзінде 2400 студент оқуын аяқтады", – деді губернатор.
Жаңалықтар
0