https://sputnik.kz/20251112/mindich-degen-kim-zhane-onymen-bolgan-zhanzhal-nege-batys-pen-ukrainada-durbelen-tudyrdy-58709043.html
Миндич деген кім және онымен болған жанжал неге батыс пен Украинада дүрбелең тудырды
Миндич деген кім және онымен болған жанжал неге батыс пен Украинада дүрбелең тудырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Украиналық кәсіпкер Тимур Миндичті тінтуге қатысты жанжал Владимир Зеленскийдің құдіретті емес екенін және сыбайлас жемқорлыққа... 12.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-12T17:26+0500
2025-11-12T17:26+0500
2025-11-12T17:26+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
зеленский
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0c/58709861_1:0:767:431_1920x0_80_0_0_f23a26dc53a3327e39bae439e4385562.jpg
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Украиналық кәсіпкер Тимур Миндичті тінтуге қатысты жанжал Владимир Зеленскийдің құдіретті емес екенін және сыбайлас жемқорлыққа батқан жақын адамдарын қорғай алмайтындығын көрсетті. Бұл пікірді "Басқа Украина" қозғалысының қатысушысы, Раданың бұрынғы депутаты Владимир Олейник РИА Новостиге берген сұхбатында айтты.Миндич - Зеленскийдің сыбайлас жемқорлық схемалары бойынша ең жақын серіктесі, "95 квартал" компаниясының тең иесі, деп атап өтті сұхбаттасушы. Ол Миндич сонымен қатар Зеленский мен оның айналасындағылардың адал емес ақшасы үшін "әмиян" болғанын айтты. Украинадағы сыбайлас жемқорлыққа көз жұмған Батыс элиталарының бірқатар өкілдері де ақша алды. Алайда АҚШ президенті Дональд Трамп оппозициялық демократиялық партияның қайсысы осы схемаларға қатысатынын анықтауға шешім қабылдады, деп санайды Олейник. Ол бұл мәселемен АҚШ-тың қолдауымен Украинаның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы айналыса бастағанын атап өтті.Бірер күн бұрын Украинаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы энергетика саласында ауқымды арнайы операция жүргізіп жатқанын хабарлады. Ведомство өзінің Тelegram-каналында энергетика саласындағы арнайы операция барысында табылған шетел валютасының бумаларымен толтырылған сөмкелердің суретін жариялады. Өз кезегінде Рада депутаты Ярослав Железняк Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро елдің бұрынғы энергетика министрі Герман Галущенко мен "Энергоатом" компаниясына тінту жүргізіп жатқанын хабарлады."Украинская правда" басылымы құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасай отырып, сыйбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері кәсіпкер әрі Владимир Зеленскийдің серіктесі Тимур Миндичті тінтуге келгенін хабарлады. Железняктің хабарлауынша, тінту алдында Миндичті асығыс алып кеткен.
https://sputnik.kz/20251112/klichko-ukrainada-sarbaz-zhetispeushiligi-artyp-kele-zhatqanyn-aytty-58708514.html
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0c/58709861_97:0:672:431_1920x0_80_0_0_cb75b6ade4933f16779400d28c461a0a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, зеленский
Миндич деген кім және онымен болған жанжал неге батыс пен Украинада дүрбелең тудырды
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Украиналық кәсіпкер Тимур Миндичті тінтуге қатысты жанжал Владимир Зеленскийдің құдіретті емес екенін және сыбайлас жемқорлыққа батқан жақын адамдарын қорғай алмайтындығын көрсетті. Бұл пікірді "Басқа Украина" қозғалысының қатысушысы, Раданың бұрынғы депутаты Владимир Олейник
РИА Новостиге берген сұхбатында айтты.
"Қазір Украинада не болды? Барлығы Зеленскийдің күшті емес екенін түсінді. Ол бір кездері бәріне ұрлық пен сыбайлас жемқорлықпен айналысуға болатынын айтып, өзі жауап беретініне сендірген. Алайда ол жасыра алмайды", - деді Владимир Олейник.
Миндич - Зеленскийдің сыбайлас жемқорлық схемалары бойынша ең жақын серіктесі, "95 квартал" компаниясының тең иесі, деп атап өтті сұхбаттасушы. Ол Миндич сонымен қатар Зеленский мен оның айналасындағылардың адал емес ақшасы үшін "әмиян" болғанын айтты. Украинадағы сыбайлас жемқорлыққа көз жұмған Батыс элиталарының бірқатар өкілдері де ақша алды. Алайда АҚШ президенті Дональд Трамп оппозициялық демократиялық партияның қайсысы осы схемаларға қатысатынын анықтауға шешім қабылдады, деп санайды Олейник. Ол бұл мәселемен АҚШ-тың қолдауымен Украинаның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы айналыса бастағанын атап өтті.
"Мұның немен аяқталатыны америкалықтарға байланысты болады. Егер олар Миндичті экстрадициялауға қол жеткізсе, әрине, бұл адамдардың көпшілігі тергеумен келісімге келеді деген болжам бар", - деп қорытындылады ол.
Бірер күн бұрын Украинаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы энергетика саласында ауқымды арнайы операция жүргізіп жатқанын хабарлады. Ведомство өзінің Тelegram-каналында энергетика саласындағы арнайы операция барысында табылған шетел валютасының бумаларымен толтырылған сөмкелердің суретін жариялады. Өз кезегінде Рада депутаты Ярослав Железняк Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро елдің бұрынғы энергетика министрі Герман Галущенко мен "Энергоатом" компаниясына тінту жүргізіп жатқанын хабарлады.
"Украинская правда" басылымы құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасай отырып, сыйбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері кәсіпкер әрі Владимир Зеленскийдің серіктесі Тимур Миндичті тінтуге келгенін хабарлады. Железняктің хабарлауынша, тінту алдында Миндичті асығыс алып кеткен.