https://sputnik.kz/20251112/manyzdy-ari-erekshe-mange-ie-sarapshylar-toqaevtyn-reseyge-sapary-turaly-ne-dedi-58708873.html
"Маңызды әрі ерекше мәнге ие": сарапшылар Тоқаевтың Ресейге сапары туралы не деді
"Маңызды әрі ерекше мәнге ие": сарапшылар Тоқаевтың Ресейге сапары туралы не деді
Sputnik Қазақстан
11–12 қарашада Қазақстан президенті Мәскеуде мемлекеттік сапармен болады 12.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-12T16:43+0500
2025-11-12T16:43+0500
2025-11-12T16:43+0500
қасым-жомарт тоқаев
владимир путин
сарапшы
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0b/58671100_163:139:1187:715_1920x0_80_0_0_48f441551e7b70b4be589fe56189854d.jpg
АСТАНА, 12 қараша — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары жалғасып жатыр.Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан президентінің бұл сапары шын мәнінде айрықша әрі тарихи маңызы бар оқиға болып отыр. Ол Қазақстан-Ресей қатынасын нығайту тұрғысынан ғана емес, жалпы еуразияның күн тәртібі үшін де үлкен маңызға ие, деді саясаттанушы Әлібек Тәжібаев.Мысал ретінде ол Тоқаевтың білім алған оқу орны – Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына (МГИМО) барғанын атап өтті. Президентті студенттердің қазақ тілінде сөйлегені ерекше қуантқан."Бұл Ресей Федерациясының жетекші жоғары оқу орындары Қазақстанмен қарым-қатынасқа аса ыждаһаттылықпен және құрметпен қарайтынын көрсетеді. Демек жетекші дипломатиялық оқу орнында Қазақстан бойынша жаңа буын мамандары қалыптасып келеді. Біз өзара дипломатиялық байланыстарымыз үнемі нығая береді деп сенеміз", — деді Тәжібаев.Саясаттанушы сондай-ақ Тоқаевтың "Российская газета" басылымында жариялаған мақаласына да пікір білдірді. Оның айтуынша, мұндай бірлескен сапарлар кезінде материал жариялау өте маңызды дәстүр."Өткен жылы да, Путин Қазақстанға келгенде, осындай мақала жарияланған болатын. Менің ойымша, ірі, жүйелі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын осындай материалдардың маңызын төмендетуге болмайды. Ол (Тоқаев - ред.) біздің қарым-қатынасымызды нығайтудағы бірқатар маңызды мәселеге назар аударды. Ашық айтқанда, көптеген жайтқа нүкте қойды", — деді сарапшы.11 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің бейресми кездесуі болды. Ресей президенті Қазақстан басшысына Кремльдегі өзінің пәтерін көрсеткен. Бұған дейін Путин өзінің баспанасына Си Цзиньпинді ғана шақырған."Бұл да Владимир Владимировичтің Қазақстан-Ресей қарым-қатынасына өте мұқият және құрметпен қайрайтынын көрсетті. Бұл – үлкен сенім мен үлкен мәртебе. Осылай сипаттауға болады", — деп түйіндеді Тәжібаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0b/58671100_249:98:1133:761_1920x0_80_0_0_54d5cb939b957991d5c52e416976028d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, владимир путин, сарапшы
қасым-жомарт тоқаев, владимир путин, сарапшы
"Маңызды әрі ерекше мәнге ие": сарапшылар Тоқаевтың Ресейге сапары туралы не деді
11–12 қарашада Қазақстан президенті Мәскеуде мемлекеттік сапармен болады
АСТАНА, 12 қараша — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары жалғасып жатыр.
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан президентінің бұл сапары шын мәнінде айрықша әрі тарихи маңызы бар оқиға болып отыр. Ол Қазақстан-Ресей қатынасын нығайту тұрғысынан ғана емес, жалпы еуразияның күн тәртібі үшін де үлкен маңызға ие, деді саясаттанушы Әлібек Тәжібаев.
Мысал ретінде ол Тоқаевтың білім алған оқу орны – Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына (МГИМО) барғанын атап өтті. Президентті студенттердің қазақ тілінде сөйлегені ерекше қуантқан.
"Бұл Ресей Федерациясының жетекші жоғары оқу орындары Қазақстанмен қарым-қатынасқа аса ыждаһаттылықпен және құрметпен қарайтынын көрсетеді. Демек жетекші дипломатиялық оқу орнында Қазақстан бойынша жаңа буын мамандары қалыптасып келеді. Біз өзара дипломатиялық байланыстарымыз үнемі нығая береді деп сенеміз", — деді Тәжібаев.
Саясаттанушы сондай-ақ Тоқаевтың "Российская газета" басылымында жариялаған мақаласына да пікір білдірді. Оның айтуынша, мұндай бірлескен сапарлар кезінде материал жариялау өте маңызды дәстүр.
"Өткен жылы да, Путин Қазақстанға келгенде, осындай мақала жарияланған болатын. Менің ойымша, ірі, жүйелі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын осындай материалдардың маңызын төмендетуге болмайды. Ол (Тоқаев - ред.) біздің қарым-қатынасымызды нығайтудағы бірқатар маңызды мәселеге назар аударды. Ашық айтқанда, көптеген жайтқа нүкте қойды", — деді сарапшы.
11 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің бейресми кездесуі болды. Ресей президенті Қазақстан басшысына Кремльдегі өзінің пәтерін көрсеткен. Бұған дейін Путин өзінің баспанасына Си Цзиньпинді ғана шақырған.
"Бұл да Владимир Владимировичтің Қазақстан-Ресей қарым-қатынасына өте мұқият және құрметпен қайрайтынын көрсетті. Бұл – үлкен сенім мен үлкен мәртебе. Осылай сипаттауға болады", — деп түйіндеді Тәжібаев.