https://sputnik.kz/20251111/turkiya-ukraina-maselesin-batys-elderimen-talqylap-zhatyr-58671621.html
Түркия Украина мәселесін Батыс елдерімен талқылап жатыр
Түркия Украина мәселесін Батыс елдерімен талқылап жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Түркия батыстағы серіктестерімен байланыс орната отырып, олардың Украина бойынша келіссөзді қайта бастау қажеттігін түсінетінін... 11.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-11T21:35+0500
2025-11-11T21:35+0500
2025-11-11T21:35+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/965/18/9651865_0:24:3071:1751_1920x0_80_0_0_7143a590b4cc43ac0f3088f684670b68.jpg
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Түркия батыстағы серіктестерімен байланыс орната отырып, олардың Украина бойынша келіссөзді қайта бастау қажеттігін түсінетінін байқап отыр, алайда мұны нақты істермен көрсету маңызды, деп хабарлады РИА Новостиге түрік дипломатиялық дереккөзі.Ресей мен Украина Ыстанбұлда үш рет тікелей келіссөз өткізді. Нәтижесінде тараптар тұтқын алмасты. Тараптар сондай-ақ қақтығысты шешу бойынша меморандум жобаларын алмасты.Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей Украинамен жағдайды реттеудің саяси аспектілерін талқылауға және кез келген форматта жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша Мәскеу 2022 жылы Ыстанбұлда өткен келіссөздерде ресейлік тарап ұсынған гуманитарлық, әскери және саяси мәселелерді нақтырақ қарастыру үшін үш жұмыс тобын құру ұсынысына Киевтен әлі жауап алмаған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/965/18/9651865_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_3472c1754c76ffe57ca997cd237fb0f4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Түркия Украина мәселесін Батыс елдерімен талқылап жатыр
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Түркия батыстағы серіктестерімен байланыс орната отырып, олардың Украина бойынша келіссөзді қайта бастау қажеттігін түсінетінін байқап отыр, алайда мұны нақты істермен көрсету маңызды, деп хабарлады
РИА Новостиге түрік дипломатиялық дереккөзі.
"Украина мәселесі бойынша батыстағы серіктестермен байланыс орнатып, келіссөзді қайта бастау керек деген ортақ түсінікті көріп отырмыз. Президент (Түркия – ред.) Тайып Ердоған айтқандай, келіссөз процесінде жеңілген тарап болмайды. Бірақ мұны нақты жұмыстармен және нақты процестермен бекіту керек. Түркия келіссөз жүргізуге қажетті кез келген арағайындық көмекті көрсетуге дайын екенін бірнеше рет мәлімдеді. Бұл бірлескен күш-жігерді қажет етеді", - деді агенттік дереккөзі.
Ресей мен Украина Ыстанбұлда үш рет тікелей келіссөз өткізді. Нәтижесінде тараптар тұтқын алмасты. Тараптар сондай-ақ қақтығысты шешу бойынша меморандум жобаларын алмасты.
Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей Украинамен жағдайды реттеудің саяси аспектілерін талқылауға және кез келген форматта жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша Мәскеу 2022 жылы Ыстанбұлда өткен келіссөздерде ресейлік тарап ұсынған гуманитарлық, әскери және саяси мәселелерді нақтырақ қарастыру үшін үш жұмыс тобын құру ұсынысына Киевтен әлі жауап алмаған.