https://sputnik.kz/20251111/turkistanda-oqushyny-qatarlastary-uryp-oltirdi-58669703.html
"Ату жазасына кессін": Түркістанда көз жұмған оқушының анасы жанайқайын жеткізді
"Ату жазасына кессін": Түркістанда көз жұмған оқушының анасы жанайқайын жеткізді
Sputnik Қазақстан
Соққы алған оқушы сол жерде көз жұмған 11.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-11T16:30+0500
2025-11-11T16:30+0500
2025-11-11T19:46+0500
түркістан облысы
оқушы
төбелес
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_42:0:1100:595_1920x0_80_0_0_b6e314f20651fbdc34e252e06ec51848.jpg
АЛМАТЫ, 11 қараша – Sputnik. Түркістан қаласындағы мектептердің бірінде оқушыны қатарластары ұрып өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қайғылы оқиға 3 қарашада болған. Марқұм жасөспірім 9-сыныпта оқыған. Ағасының айтуынша төрт бала 34 баланы ұрып шыққан.Марқұмның анасы кінәлілерді ату жазасына беруді талап етіп отыр."Егер ату жазасына бермесе, өзім берем жазасын. Мені өлтірсе өлтірсін, қамаса қамасын. Қалай ғана шыдаймын. Осы үйді саған аудардым ғой, алтыным. Менің жүрегім, жанымды алып кетті. Саған көп үміт артып едім. Енді маған кім қарайды? Әлемде жоқ алтыным", - деген ананың еңірегенде етегі толып отыр.Полиция күдіктілер ұсталды дейді.Полиция күдіктіні, сондай-ақ төбелеске қатысқандардың барлығын ізін суытпай ұстады."Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді", - дейді полиция.Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
https://sputnik.kz/20250916/zhambyl-oblysynda-eki-oqushy-koz-zhumdy--ministr-oz-sheshimin-zhariyalady-57111076.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_248:0:1041:595_1920x0_80_0_0_1140501ab4d76e5b56fa475137a5e0a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, оқушы, төбелес
түркістан облысы, оқушы, төбелес
"Ату жазасына кессін": Түркістанда көз жұмған оқушының анасы жанайқайын жеткізді
16:30 11.11.2025 (жаңартылды: 19:46 11.11.2025) Соққы алған оқушы сол жерде көз жұмған
АЛМАТЫ, 11 қараша – Sputnik. Түркістан қаласындағы мектептердің бірінде оқушыны қатарластары ұрып өлтірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қайғылы оқиға 3 қарашада болған. Марқұм жасөспірім 9-сыныпта оқыған. Ағасының айтуынша төрт бала 34 баланы ұрып шыққан.
"Төртеуі барлығын екі қайтара ұрып шыққан. Менің інімді жүрегінен ұра берген. Пышақ жарақаты жоқ, мұрны қанамаған, басқа дене жарақаты жоқ. Жүрегінен ұра берген, ұра берген. Жүрек бірден тоқтаған, ұйқы безі езіліп кеткен. Мені алдап, талып қалды деді. Мен бармай тұрып 40 минут бұрын өліп кеткен", - дейді қайтыс болған оқушының ағасы.
Марқұмның анасы кінәлілерді ату жазасына беруді талап етіп отыр.
"Егер ату жазасына бермесе, өзім берем жазасын. Мені өлтірсе өлтірсін, қамаса қамасын. Қалай ғана шыдаймын. Осы үйді саған аудардым ғой, алтыным. Менің жүрегім, жанымды алып кетті. Саған көп үміт артып едім. Енді маған кім қарайды? Әлемде жоқ алтыным", - деген ананың еңірегенде етегі толып отыр.
Полиция күдіктілер ұсталды дейді.
"Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы барлық қажетті іс-шаралар кешенін жүргізді. Алдын ала мәлімет бойынша тоғызыншы сынып оқушысы сыныптасының кеуде тұсынан ұрған. Соққы алған оқушы сол жерде көз жұмған", - дейді облыстық полиция департаменті.
Полиция күдіктіні, сондай-ақ төбелеске қатысқандардың барлығын ізін суытпай ұстады.
"Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді", - дейді полиция.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.