https://sputnik.kz/20251111/toqaev-maskeu-institutynyn-studentterimen-qazaqsha-soylesti-58672060.html
Тоқаев Мәскеу институтының студенттерімен қазақша сөйлесті
Тоқаев Мәскеу институтының студенттерімен қазақша сөйлесті
Sputnik Қазақстан
Жастар Абай Құнанбайұлы шығармашылығына зор қызығушылықпен қарайтынын айтты 11.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-11T18:56+0500
2025-11-11T18:56+0500
2025-11-11T18:56+0500
қасым-жомарт тоқаев
студенттер
қазақ тілі
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0b/58672312_0:66:1281:786_1920x0_80_0_0_d7391584aeb43059ef9b528722a62ca2.jpg
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттерімен әңгімелесті, деп хабарлады Ақорда.Студенттер мемлекет басшысына қазақша тіл қатты. Олар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітаптарында көрініс тапқан дипломатия мен ашықтық қағидалары Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында үлгі ретінде оқытылатынын жеткізді.Сонымен қатар жастар Абай Құнанбайұлы шығармашылығына зор қызығушылықпен қарайтынын айтты.Мемлекет басшысы студенттердің қазақ тілін үйренуге деген ынтасына жоғары баға беріп, оларға сәттілік тіледі."Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты – өте беделді жоғары оқу орны. Бүкіл әлемге танымал. Қазақстан бүгінде дербес мемлекет. Менің ойымша, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында алған білімдеріңіз болашақта мол пайдасын тигізеді. Өйткені түрлі елдер туралы, оның ішінде Ресейдің бұрыннан келе жатқан одақтасы Қазақстан жайында көп мағлұмат білу Сіздерге кейін жұмысқа орналасуға, сондай-ақ әлемде және өңірлік деңгейде бәсекеге қабілетті маман болуға көмектеседі", – деді президент.
https://sputnik.kz/20240425/toqaev-qazaq-tili-uaqyt-ote-kele-etnosaralyq-qatynas-tiline-aynalatynyna-senimdimin-43894373.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0b/58672312_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_8b4da81a6bb975eb7d3a74fdda217a2d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, студенттер, қазақ тілі
қасым-жомарт тоқаев, студенттер, қазақ тілі
Тоқаев Мәскеу институтының студенттерімен қазақша сөйлесті
Жастар Абай Құнанбайұлы шығармашылығына зор қызығушылықпен қарайтынын айтты
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттерімен әңгімелесті, деп хабарлады Ақорда.
Студенттер мемлекет басшысына қазақша тіл қатты. Олар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітаптарында көрініс тапқан дипломатия мен ашықтық қағидалары Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында үлгі ретінде оқытылатынын жеткізді.
Сонымен қатар жастар Абай Құнанбайұлы шығармашылығына зор қызығушылықпен қарайтынын айтты.
"Ақынның "Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп" деген достық туралы ой орамдары өте ерекше. Ресей мен Қазақстан – мәңгілік достықтың қос қанаты деп есептейміз. Екі елді, екі халықты риясыз, шынайы достық қарым-қатынас байланыстырады", – деді жастар.
Мемлекет басшысы студенттердің қазақ тілін үйренуге деген ынтасына жоғары баға беріп, оларға сәттілік тіледі.
"Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты – өте беделді жоғары оқу орны. Бүкіл әлемге танымал. Қазақстан бүгінде дербес мемлекет. Менің ойымша, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында алған білімдеріңіз болашақта мол пайдасын тигізеді. Өйткені түрлі елдер туралы, оның ішінде Ресейдің бұрыннан келе жатқан одақтасы Қазақстан жайында көп мағлұмат білу Сіздерге кейін жұмысқа орналасуға, сондай-ақ әлемде және өңірлік деңгейде бәсекеге қабілетті маман болуға көмектеседі", – деді президент.