Оралда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық форумы басталды

© Sputnik / Кристина Кормилицына / Медиабанкке өтуҚазақстан мен Ресей
Қазақстан мен Ресей - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2025
Жазылу
Ертең, 12 қарашада форумның пленарлық отырысы өтеді
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Орал қаласында Қазақстан-Ресей XXI Өңіраралық форумы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биылғы форум жұмысшы мамандықтарға арналып отыр. Ал негізгі шаралар қаланың үш жерінде өтеді. "Жайық Арена" спорт кешенінде колледждер мен кәсіпорындардың ынтымақтастық көрмесі ұйымдастырылса, Достық үйінде жастар мен еріктілер форумы өтеді.
Ал "Атамекен" концерт залында Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесінің X отырысы жоспарланған. Сол жерде екі елдің сарапшылары цифрлық экономика мен жасанды интеллект жағдайында жұмысшы мамандықтарды даярлау, жаңа экономикаға қажетті құзіреттер мен азық-түлік қауіпсіздігіне қажетті кадрлар мәселесін талқылайды.
Ертең, 12 қарашада форумның пленарлық отырысы өтеді. Сонда Қазақстан мен Ресей президенттері Мәскеуден тікелей байланысқа шығады. Коммерциялық құжаттарға да қол қойылады.
Ресми мәліметке сәйкес, биыл 8 айдың ішінде Батыс Қазақстан облысы мен шекаралас Ресей өңірлері арасындағы тауар айналымы 500 млн доллардан асты. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 10 процентке артық.
Зерно - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2025
Қазақстан мен Ресей ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік саудасын кеңейтуге уағдаласты
Жаңалықтар
0