https://sputnik.kz/20251111/khasan-qasymbaev-pen-onyn-sybaylastaryna-sot-ukimi-shyqty-58651444.html
Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарына сот үкімі шықты
Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарына сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Мемлекеттік айыптаушы Хасан Қасымбаевты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған 11.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-11T10:47+0500
2025-11-11T10:47+0500
2025-11-11T11:46+0500
талғар
сот
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0b/58651751_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_3a92cf0c9ef01be72813af09545e875d.jpg
АСТАНА, 11 қараша - Sputnik. Талғар аудандық сотында Шерзат Полаттың өлімінен кейін "Хутор" қылмыстық тобының басшысы ретінде есімі елге танылған Хасан Қасымбаевқа үкім шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Хасан Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Қасымбаевпен қоса бес сотталушының ісі қаралды. Сот оларға мынандай үкім шығарды:Оларға адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру, бопсалау баптары бойынша айып тағылды. Соттың хабарлауынша, Қасымбаев басқа сотталушылармен алдын ала сөз байласып, азамат А.-ға қатысты күш қолдана отырып шабуыл ұйымдастырған. Оны күштеп көлікке отырғызып, елді мекеннен тыс жерге апарып, соққыға жыққан. Салдарынан жәбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілген. Бұдан бөлек, Хасан Қасымбаев басқа тұлғалармен бірге азамат Т.-дан 1 000 000 теңге көлеміндегі ақшаны күш қолдана отырып қорқытып алған.Сот айыпталушыларды жәбірленушіге жалпы 9 млн теңге көлемінде моральдық шығын үшін өтемақы төлеуді міндеттеді.Сотталушылардың ешбірі өз кінәсін мойындаған жоқ. Олардың кейбірі сот отырыстарында Хасан Қасымбаевты мүлдем танымайтынын айтқан. Ал өздерін қылмыскер деп айыптаған жәбірленуші Арман Әлімовты Талғар қаласында атышулы есірткі сатқыш болған деп сипаттады.Сотқа жәбірленуші тарап келмеді. Сот барысында мемлекеттік айыптаушы Хасан Қасымбаевты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.Хасан Қасымбаевтың қорғаушылары сот процесі басталғалы бері судьяны ауыстыру туралы 9 рет ұсыныс жасаған.Еске салсақ, Хасан Қасымбаевқа қатысты сот 20 тамызда басталды.
https://sputnik.kz/20251013/khasan-qasymbaevtyn-advokaty-munyn-bari-kelisilgen-dunie-57857445.html
талғар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0b/58651751_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_570f620f82d70011cdabc255b11ac420.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
талғар, сот, қылмыс
Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарына сот үкімі шықты
10:47 11.11.2025 (жаңартылды: 11:46 11.11.2025) Мемлекеттік айыптаушы Хасан Қасымбаевты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған
АСТАНА, 11 қараша - Sputnik. Талғар аудандық сотында Шерзат Полаттың өлімінен кейін "Хутор" қылмыстық тобының басшысы ретінде есімі елге танылған Хасан Қасымбаевқа үкім шықты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Хасан Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Қасымбаевпен қоса бес сотталушының ісі қаралды. Сот оларға мынандай үкім шығарды:
Нұрмұхамет Сұлтанбеков - бұрын аса ауыр қылмыс (кісі өлтіру) үшін сотталғанын ескере отырып 22 жыл
Мадияр Қалымжанов - бұрын ауыр қылмыс (бұзақылық) үшін сотталғанын ескере отырып 9 жыл 6 ай
Сайлау Ақтанов - бұрын ауыр қылмыс (бұзақылық) үшін сотталғанын ескере отырып 8 жыл 6 ай
Данияр Асқаров - бұрын сотталмаған, 8 жыл
Руслан Әлиев - бұрын сотталмаған, 8 жыл
Оларға адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру, бопсалау баптары бойынша айып тағылды.
Соттың хабарлауынша, Қасымбаев басқа сотталушылармен алдын ала сөз байласып, азамат А.-ға қатысты күш қолдана отырып шабуыл ұйымдастырған. Оны күштеп көлікке отырғызып, елді мекеннен тыс жерге апарып, соққыға жыққан. Салдарынан жәбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілген. Бұдан бөлек, Хасан Қасымбаев басқа тұлғалармен бірге азамат Т.-дан 1 000 000 теңге көлеміндегі ақшаны күш қолдана отырып қорқытып алған.
Сот айыпталушыларды жәбірленушіге жалпы 9 млн теңге көлемінде моральдық шығын үшін өтемақы төлеуді міндеттеді.
Сотталушылардың ешбірі өз кінәсін мойындаған жоқ. Олардың кейбірі сот отырыстарында Хасан Қасымбаевты мүлдем танымайтынын айтқан. Ал өздерін қылмыскер деп айыптаған жәбірленуші Арман Әлімовты Талғар қаласында атышулы есірткі сатқыш болған деп сипаттады.
Сотқа жәбірленуші тарап келмеді.
Сот барысында мемлекеттік айыптаушы Хасан Қасымбаевты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Хасан Қасымбаевтың қорғаушылары сот процесі басталғалы бері судьяны ауыстыру туралы 9 рет ұсыныс жасаған.
Еске салсақ, Хасан Қасымбаевқа қатысты сот 20 тамызда басталды.