Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуроодақ Украинаның блокқа қосылу мәселесін желтоқсанда талқылауды жоспарлап отыр

© Sputnik / Алексей ВитвицкийЕуроодақ эмблемасы
Еуроодақ эмблемасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2025
Жазылу
Егер премьер-министр Виктор Орбанның партиясы сәуірдегі парламенттік сайлауда жеңілсе, Еуроодақ Венгрия ветосының күшін жоюға үміттеніп отыр
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Еуроодақ желтоқсанда Львовта өтетін саммитте Украинаның блокқа қосылу мәселесін талқылауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды РИА Новости Politico басылым жариялаған хатқа сілтеме жасай отырып.
Басылымның хабарлауынша, Брюссель Украина мен Молдованың Еуроодаққа қосылу бойынша өтініштерін ілгерілету үшін жаңа жоспар дайындап жатыр. Онда Украина мен Молдова Еуроодақтың ресми мақұлдауын күтпей, яғни, Венгрияның қарсылығын айналып өтіп, қосылу үшін қажетті практикалық реформалар бойынша жұмыс істей бастайды деп көзделген. Егер премьер-министр Виктор Орбанның партиясы сәуірдегі парламенттік сайлауда жеңілсе, Еуроодақ Венгрия ветосының күшін жоюға үміттеніп отыр.

"Бұл жоспар 10 желтоқсанда шешімін табады... Еуроодақ Кеңесіндегі Данияның төрағалығы одақты кеңейту мәселесін талқылау үшін Еуропа істері министрлерін Украинаның батысындағы Львовта өтетін жаңа бейресми саммитке шақырып отыр", - деп хабарлайды Politico.

Делегациялар Украина мен Молдованың қосылу процесін қолдауды кеңейту мәселесін талқылайды деп күтіліп отыр.
Венгрияның сыртқы істер министрі Петер Сийярто бұған дейін Украинаның Еуроодаққа қосылу талаптарына орындай алатынына сенбейтінін мәлімдеген. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан бұған дейін Брюссель Украинаның 2030 жылға дейін Еуроодаққа қосылуын қалайтынын, бірақ негізгі шешім Венгрияның ұстанымына қарап тұрғанын мәлімдеген болатын.
Виктор Орбан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Венгрия Украинаны қаржыландыруға міндетті емес - Орбан
Жаңалықтар
0