Берік Уәли Елдос Сметовке 10 млн теңгенің сертификатын табыстады

© Photo : Abai AqparatБерік Уәли Елдос Сметовке 10 млн теңгенің сертификатын табыстады
Берік Уәли Елдос Сметовке 10 млн теңгенің сертификатын табыстады - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2025
Жазылу
Әкім чемпионның жастарға үлгі боларлық еңбегін ерекше атап өтті
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Абай облысының әкімі Берік Уәли Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке 10 млн теңгенің сертификатын табыстады, деп хабарлады Abai Aqparat.
Елдос Сметов Абай облысында алғаш рет ұйымдастырылған дзюдодан Қазақстан чемпионатына арнайы шақырылған.
Аймаққа келген спортшыны облыс әкімі Берік Уәли қабылдап, оның жастарға үлгі боларлық еңбегін ерекше атап өтті.
"Қазақстан дзюдосының символына айналған азаматтың Абай еліне келуі – жас спортшылар үшін зор мотивация. Оның қатысуы жарыстың деңгейін көтеріп қана қоймай, әрбір спортшыға үлкен мақсаттарға ұмтылудың маңызын көрсетеді", – деді өңір басшысы.
Берік Уәли даңқты спортшыға өңір жұртшылығы атынан құрмет көрсетіп, 10 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.
Елдос Сметов дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2024
Ақтөбелік кәсіпкер Елдос Сметовке асыл тұқымды 100 жылқы сыйлады
Жаңалықтар
0