Байқоңырға "Союз МС-28" кемесінің экипажы барды

© Пресс-служба администрации города БайконурЭкипажи корабля "Союз МС-28" прибыли на Байконур
Экипажи корабля Союз МС-28 прибыли на Байконур - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2025
Жазылу
"Союз МС-28" кемесі жоспар бойынша 27 қарашада ұшады
АЛМАТЫ, 11 қараша – Sputnik. Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағына "Союз МС-28" экипажы барды, деп хабарлады қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі.
Оларды Крайний аэродромында ғарыш айлағының техникалық басшылығының, мемлекеттік комиссияның өкілдері, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшылары қарсы алды. Экипаж командирлері басшылыққа "Союз МС-28" кемесінің ұшуға дайындығы туралы баяндады.
Содан кейін ғарышкерлер Ю.А.Гагарин атындағы ғарышкерлерді даярлау орталығының сынақ оқу-жаттығу кешеніне барды. Мұнда олар ұшу алдындағы жаттығулар мен медициналық тексерулерден өтуі керек.
"Союз МС-28" кемесі 27 қарашада ұшады деп жоспарланған. Экипаждың негізгі құрамына Роскосмос ғарышкерлері Сергей Культ-Крикков пен Сергей Микаев және NASA астронавты Кристофер Уильямс енді. Ал қосалқы құрамда Роскосмос ғарышкерлері Петр Дубров пен Анна Кикина және NASA астронавты Анил Менон да бар.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2023
Байқоңыр мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті оқытылады
Жаңалықтар
0