https://sputnik.kz/20251110/qazaqstannyn-zhio-on-ayda-64-ga-osti-58617961.html
Қазақстанның ЖІӨ он айда 6,4%-ға өсті
Қазақстанның ЖІӨ он айда 6,4%-ға өсті
Sputnik Қазақстан
Өңдеу өнеркәсібінде өсім 5,8% болды 10.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-10T17:55+0500
2025-11-10T17:55+0500
2025-11-10T17:56+0500
экономика
жіө
қазақстан
https://sputnik.kz/img/899/83/8998380_48:0:2452:1352_1920x0_80_0_0_7a822d3b89fabccc5077a6592a7b2e9a.jpg
АЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 2025 жылдың жылдың қаңтар-қазан айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға өсті, деп хабарлайды Экономика министрлігі.Ведомствоның мәліметінше тауар өндірісі 8,2%-ға, қызмет көрсету 5,3%-ға артты. ЖІӨ-нің өсуіне анағұрлым ең көп үлесті өнеркәсіп (өсім 7,3%) саласы қосты, оның жалпы өсімдегі мөлшері – 30%. Ал сауда және көлік салаларымен қосқанда 70%-дан асады.Өңдеу өнеркәсібінде өсім 5,8% болды. Бұл жекелеген бағыттар бойынша өнім шығарудың ұлғаюы есебінен қалыптасып отыр.Олардың ішінде:Құрылыс саласында өсім ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырумен байланысты болып отыр. Құрылыс жұмыстары көлемінің артуы 2025 жылғы қаңтар-қыркүйектегі 14,9%-бен салыстырғанда 15,1%-ды құрады.Саудада өсім деңгейі 9%-ды құрады. Өсу қарқыны саладағы үлесі 66,5% болатын көтерме сауда кәсіпорындарында байқалып отыр. Айналым қаражатының ұлғаюы Павлодар, Атырау облыстары мен Астана қаласында тіркелген.Көлік саласында да өсімнің жоғарғы қарқыны сақталып отыр. Барлық көлік түрі бойынша тасымалдың өсуіне байланысты көлік қызметінің көлемі 20,7%-ға артты.
https://sputnik.kz/20231225/qazaqstan-zhio-osimi-boyynsha-ortalyq-aziya-zhane-tmd-elderi-arasynda-kosh-bastap-tur-41161434.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/899/83/8998380_348:0:2151:1352_1920x0_80_0_0_3fdb77a857e3bb7dc33572cf219c1218.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жіө, қазақстан
Қазақстанның ЖІӨ он айда 6,4%-ға өсті
17:55 10.11.2025 (жаңартылды: 17:56 10.11.2025) Өңдеу өнеркәсібінде өсім 5,8% болды
АЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 2025 жылдың жылдың қаңтар-қазан айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға өсті, деп хабарлайды Экономика министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше тауар өндірісі 8,2%-ға, қызмет көрсету 5,3%-ға артты. ЖІӨ-нің өсуіне анағұрлым ең көп үлесті өнеркәсіп (өсім 7,3%) саласы қосты, оның жалпы өсімдегі мөлшері – 30%. Ал сауда және көлік салаларымен қосқанда 70%-дан асады.
Өңдеу өнеркәсібінде өсім 5,8% болды. Бұл жекелеген бағыттар бойынша өнім шығарудың ұлғаюы есебінен қалыптасып отыр.
машина жасау – 11,5%-ға, соның ішінде автомобиль құрастыру - 13,3%-ға,
химия өнеркәсібі – 10,9%-ға,
мұнай өнімдері – 6,3%-ға,
металл бұйымдары – 14,1%-ға,
құрылыс материалдары – 5,3%-ға өсті.
Құрылыс саласында өсім ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырумен байланысты болып отыр. Құрылыс жұмыстары көлемінің артуы 2025 жылғы қаңтар-қыркүйектегі 14,9%-бен салыстырғанда 15,1%-ды құрады.
"Ауыл шаруашылығы саласы маусымдық өсу фазасына енді. Жалпы өнім көлемі қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 1,0 п. т.-ға жеделдеп, 5,4%-ға артты. Өсімдік шаруашылығында өсім 6,7%-ға, мал шаруашылығында 3,4%-ға жетті", - деп жазылған хабарламада.
Саудада өсім деңгейі 9%-ды құрады. Өсу қарқыны саладағы үлесі 66,5% болатын көтерме сауда кәсіпорындарында байқалып отыр. Айналым қаражатының ұлғаюы Павлодар, Атырау облыстары мен Астана қаласында тіркелген.
Көлік саласында да өсімнің жоғарғы қарқыны сақталып отыр. Барлық көлік түрі бойынша тасымалдың өсуіне байланысты көлік қызметінің көлемі 20,7%-ға артты.