https://sputnik.kz/20251110/dubayda-alemdegi-en-qymbat-kofe-satyla-bastady-58405514.html
Дубайда әлемдегі ең қымбат кофе сатыла бастады
Дубайда әлемдегі ең қымбат кофе сатыла бастады
Sputnik Қазақстан
Дубай дәмханасында бір шыныаяқ кофе 980 доллар тұрады 10.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-10T22:08+0500
2025-11-10T22:08+0500
2025-11-10T22:08+0500
кофе
дубай
шоколад
байлық
https://sputnik.kz/img/07e5/03/1d/16642924_0:166:3073:1894_1920x0_80_0_0_a6d2d4b93bfe479d9d2e5f85302e6f8e.jpg
АСТАНА, 10 қараша — Sputnik. Дубайда әлемдегі ең қымбат кофені ұсынатын дәмхана ашылды. Бұл туралы DAWN журналы жазды.Гастротуристердің айтуынша Дубай шоколады өткеннің еншісінде қалды. Енді 3600 дирхам немесе 980 доллар тұратын кофе трендке айналды.Сусын аукционда рекордтық бағаға сатылған сирек кездесетін панамалық кофе бұршақтарынан жасалған. Julith дәмханасы кофе құмарлар үшін жаңа орталыққа айналған өнеркәсіптік ауданда орналасқан.Мекеменің әлеуметтік желідегі деректеріне сүйенсек, Бару жанартауының етегінде өсірілген сирек Nido 7 Geisha сұрпының 20 келісі оларға 2,2 миллион дирхамға (шамамен 600 мың АҚШ долларына) түскен.Жергілікті тұрғындардың пікірінше, шөлейтте орналасқан бай қала үшін бұл аса қымбат баға емес.
https://sputnik.kz/20241027/esinen-tanyp-qalady-dariger-dubay-shokolady-ziyan-ekenin-aytty-48113943.html
дубай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/1d/16642924_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_fef1888d792623c17e9aec8a6c653a9c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кофе, дубай, шоколад, байлық
кофе, дубай, шоколад, байлық
Дубайда әлемдегі ең қымбат кофе сатыла бастады
Дубай дәмханасында бір шыныаяқ кофе 980 доллар тұрады
АСТАНА, 10 қараша — Sputnik. Дубайда әлемдегі ең қымбат кофені ұсынатын дәмхана ашылды. Бұл туралы
DAWN журналы жазды.
Гастротуристердің айтуынша Дубай шоколады өткеннің еншісінде қалды. Енді 3600 дирхам немесе 980 доллар тұратын кофе трендке айналды.
Сусын аукционда рекордтық бағаға сатылған сирек кездесетін панамалық кофе бұршақтарынан жасалған. Julith дәмханасы кофе құмарлар үшін жаңа орталыққа айналған өнеркәсіптік ауданда орналасқан.
Мекеменің әлеуметтік желідегі деректеріне сүйенсек, Бару жанартауының етегінде өсірілген сирек Nido 7 Geisha сұрпының 20 келісі оларға 2,2 миллион дирхамға (шамамен 600 мың АҚШ долларына) түскен.
"Бұл кофе тарихындағы рекордтық баға", - деп атап өтті кофені бағалаушылар.
Жергілікті тұрғындардың пікірінше, шөлейтте орналасқан бай қала үшін бұл аса қымбат баға емес.