https://sputnik.kz/20251110/aqtobede-mugalim-sottaldy-58615618.html
Ақтөбеде мұғалім сотталды
Ақтөбеде мұғалім сотталды
Sputnik Қазақстан
Ол оқушыдан ай сайын 60 мың теңгеден алып отырған 10.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-10T20:51+0500
2025-11-10T20:51+0500
2025-11-10T20:51+0500
ақтөбе
мұғалім
сот
алаяқ
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_0:192:3001:1880_1920x0_80_0_0_0de4afdb79c701144fcdfde69b3da1e8.jpg
АЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. Ақтөбеде алаяқ мұғалім сотталды, деп хабарлайды Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.Алаяқ деп танылған мұғалім жекеменшік мектепте бастауыш сыныптан сабақ берген. Танысының баласын мектепке орналастырып, ай сайынғы оқу ақысын жеңілдікпен 60 000 теңге мөлшерінде төлеуді ұсынған.Алаяқ мұғалім оқушының ата-анасынан 420 000 теңге иемденіп, оны жеке қажетіне жұмсаған. Сотталушы өзінің кінәсін толық мойындаған.Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Алайда жәбірленушімен татуласқандықтан қылмыстық жауаптан босатылды.Сот үкімі заңды күшіне енді.
https://sputnik.kz/20251029/pavlodarda-mugalim-ubt-da-komektesu-ushin-1-mln-tenge-algan-58281578.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_84:0:2751:2000_1920x0_80_0_0_556a91bc70c41ebd228d21c149216b02.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, мұғалім, сот, алаяқ, алаяқтық
ақтөбе, мұғалім, сот, алаяқ, алаяқтық
Ақтөбеде мұғалім сотталды
Ол оқушыдан ай сайын 60 мың теңгеден алып отырған
АЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. Ақтөбеде алаяқ мұғалім сотталды, деп хабарлайды Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.
Алаяқ деп танылған мұғалім жекеменшік мектепте бастауыш сыныптан сабақ берген. Танысының баласын мектепке орналастырып, ай сайынғы оқу ақысын жеңілдікпен 60 000 теңге мөлшерінде төлеуді ұсынған.
"Кейін сотталушы жәбірленушінің баласы арқылы білім беру қызметі туралы шартқа жәбірленушіге қол қойдырған. Бірақ ол шартты мектеп әкімшілігіне тапсырмай, баланың сыныпта заңсыз оқып жүргені туралы деректі жасырған", - дейді ведомство.
Алаяқ мұғалім оқушының ата-анасынан 420 000 теңге иемденіп, оны жеке қажетіне жұмсаған. Сотталушы өзінің кінәсін толық мойындаған.
Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Алайда жәбірленушімен татуласқандықтан қылмыстық жауаптан босатылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.