"Қамауға алу жазасы бар": Балаева сериалдарда әдепсіз сөйлейтін әртістерге ескерту жасады

© Sputnik/Ертай СарбасовАида Балаева
Аида Балаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2025
Жазылу
Ол үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу, 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева онлайн-сериалдарда әдепсіз сөз қолданғаны үшін қамауға дейін жаза қолданылатынын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінде министрлікке отандық онлайн-сериалдар мен бейнежобаларда әдепсіз сөздердің қолданылуына байланысты сұрақтар да түсіп жатады.
"Бұл ретте ескеретін жайт – қазіргі заңнамада мұндай әрекет үшін нақты жауапкершілік белгіленген. Яғни, қоғамдық орындарда әдепсіз сөз айту — ұсақ бұзақылық деп танылады. Ол үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу, 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған", - дейді Балаева.
Ал құзырлы органдар әрбір жағдайды жеке қарастырады.
"Биыл жыл басынан бері интернеттегі мониторинг нәтижесінде осындай 50-ден астам құқықбұзушылық анықталып, олардың барлығы бойынша ішкі істер министрлігіне тиісті хабарлама жолданды", - деді министр.
Қазақфильм ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2025
"Қазақфильм" мен ұлттық киноны қолдау орталығы біріктіріледі
Жаңалықтар
0