Орталық Азия елдері АҚШ-та қандай келісімдерге келді
13:41 08.11.2025 (жаңартылды: 13:44 08.11.2025)

© Photo : Акорда
Жазылу
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі АҚШ-та өткен "С5+1" кездесуі бойынша алты елдің экономикалық ынтымақтастыққа қатысты бірлескен мәлімдемесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Орталық Азия елдері АҚШ-та қандай келісімдерге келді
© Пресс-служба президента Киргизии
/ Бірлескен мәлімдеме Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан мен АҚШ үкіметтері арасында "С5+1" дипломатиялық платформасының онжылдығына орай рәсімделіп отыр.
Осы құжатта нақты шаралар да көрсетілген. Олар:
• реттеу реформаларын іске асыру арқылы бизнес жүргізу шарттарын жеңілдету және сауда мен инвестицияларды ынталандыру;
• шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсету;
• экспорттық әлеуетті арттыру мен өзара тиімді бірлескен кәсіпорындардың құрылуын қолдау;
• IT-стартаптар мен инновациялық компанияларға қолайлы жағдайлар жасау, венчурлік капиталға, акселераторларға және халықаралық нарықтарға жеңілдетілген қолжетімділікті қамтамасыз ету;
• энергетика және маңызды минералдар салаларындағы инвестициялар мен сауданы арттыруды көтермелеу;
• бейбіт атом саласындағы ынтымақтастықты дамыту;
• Орталық Азия мемлекеттерінің маңызды минералдарын жаһандық жеткізу тізбегіне интеграциялау мақсатында геологиялық зерттеулерге, өндіру мен өңдеуге инвестициялар салуға жәрдемдесу;
• 5G, 6G, суасты кабельдері, деректерді өңдеу орталықтарының жабдықтары, спутниктік байланыс сияқты цифрлық инфрақұрылымды дамыту мен енгізуді ілгерілету;
• жасанды интеллект пен цифрлық инновацияларды C5+1 жұмыс топтарының қызметіне біріктіру;
• ақылды қалалар мен Орталық Азия елдерінің цифрлық трансформациясын дамытуға жәрдемдесу;
• киберқауіптер туралы ақпарат алмасу;
• Транскаспий сауда жолының әлеуетін толық ашу және оны Халықаралық бейбітшілік пен өркендеу үшін Трамп жолымен (TRIPP) интеграциялау;
• C5+1 елдері арасындағы әуе қатынасын кеңейту арқылы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту.

Орталық Азия мен Америка 2024 жылы Алматыда өткен алғашқы "B5+1" форумының табысты нәтижелерін мойындап, келесі жылы Бішкек қаласында өтетін форумға да қолдау білдірді.