Ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды

© Photo : Pixabay / PexelsАуа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2025
Жазылу
Жолды 2025 жылғы 09 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды.

2025 жылғы 08 қараша сағат 14:00-де келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады:

Ақмола облысы:

"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шек. " автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).

Павлодар облысы:

"Астана – Ерейментау – Шідерті" автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).

Жолды 2025 жылғы 09 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Туман на дороге, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2025
Бірнеше жолда ауа райына байланысты жылдамдыққа шектеу қойылды
Жаңалықтар
0