Алматыда роботтарды оқыту фабрикасы іске қосылады

© Photo : Акимат АлматыАлматыда роботтарды оқыту фабрикасы іске қосылады
Алматыда роботтарды оқыту фабрикасы іске қосылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2025
Жазылу
Алматы қаласының әкімдігі гуманоидты және сервистік роботтар шығаратын Қытай компаниясымен келісімшартқа қол қойды
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Шанхай қаласына жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды AgiBot компаниясының негізін қалаушы және техникалық директоры Пэн Чжихуэймен кездесті.
Сапар барысында Алматы қаласы цифрландыру басқармасы, Astana Hub және AgiBot арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
© Photo : Акимат АлматыАлматыда роботтарды оқыту фабрикасы іске қосылады
Аким Алматы Дархан Сатыбалды встретился с сооснователем компании AgiBot в Шанхае - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2025
Алматыда роботтарды оқыту фабрикасы іске қосылады
"Құжат робототехника мен жасанды интеллект бағыттарындағы озық шешімдерді дамытуға, сондай-ақ Алматыны embodied AI және сервистік робототехника бойынша Орталық Азиядағы негізгі орталықтардың біріне айналдыруға бағытталған", - деп жазылған хабарламада.
AgiBot – 2023 жылы құрылған робототехника компаниясы. Ол "Embodiment + AI" платформасын дамыта отырып, Yuanzheng, Lingxi және Genie атты гуманоидты және сервистік роботтар желілерін шығарады.
© Photo : Акимат АлматыАлматыда роботтарды оқыту фабрикасы іске қосылады
Аким Алматы Дархан Сатыбалды встретился с сооснователем компании AgiBot в Шанхае - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2025
Алматыда роботтарды оқыту фабрикасы іске қосылады
Тараптар Алматыда Robotech R&D зертханасын құру, қалалық ортада роботтарды оқытуға арналған "деректер фабрикасын" іске қосу, логистика, өнеркәсіп, медицина және білім беру салаларында пилоттық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ робототехника мен жасанды интеллект саласында кадрлар даярлау жөнінде келісім жасасты.
Жаңалықтар
0