Шығыс Қазақстанда көші-қон заңын бұзған Қытай азаматы қамауға алынды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2025
Жазылу
Оған 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберу түріндегі жаза тағайындады
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында иммиграциялық заңнаманы бірнеше рет бұзғаны үшін Қытай азаматы ұсталды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Сотта анықталғандай, 2025 жылдың 5 маусымында әкімшілік жауаптылыққа тартылған азамат 2025 жылдың 29 шілдесінде қайталап құқық бұзушылық жасап, яғни заңсыз пайдалы қазбалар өндірумен айналысқан.
Сот отырысында ер адам өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.
"Сот оны әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберу түріндегі жаза тағайындады", - деп жазылған хабарламада.
Қаулы заңды күшіне енді.
Сондай-ақ, сотта осыған ұқсас бап бойынша 35 әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралған.
Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2025
Көші-қон саясатын іске асыруда халықтың көшу себептерін есепке алу керек – Тоқаев
Жаңалықтар
0