https://sputnik.kz/20251107/qazaqstan-avraam-kelisimderine-qosyldy-58550286.html
Қазақстан Авраам келісімдеріне қосылды
Қазақстан Авраам келісімдеріне қосылды
Sputnik Қазақстан
Бейбіт келісім 2020 жылдың күзінде Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн және Марокко арасында жасалды 07.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-07T17:18+0500
2025-11-07T17:18+0500
2025-11-07T17:22+0500
қазақстан
израиль
келісім
https://sputnik.kz/img/237/25/2372574_0:188:5905:3509_1920x0_80_0_0_cc2c49ebb4ecbd11685b997559f08f80.jpg
АСТАНА, 7 қараша - Sputnik. Қазақстан Авраам келісімдеріне қосылды, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.Бұл маңызды шешім Қазақстан мүддесі үшін қабылданды, дейді ведомство өкілдері.Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан әрдайым Таяу Шығыстағы қақтығыстың халықаралық құқық нормаларына, БҰҰ тиісті қарарларына және "екі халық үшін екі мемлекет" қағидаты негізінде әділ, жан-жақты әрі орнықты реттелуін қолдайды.Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға сапары барысында бүгін Ақ үйдегі кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесіп, онда Қазақстан Республикасының Ибраһим келісімдеріне қосылуы әңгімелесудің арқауы болды.Дональд Трамп Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешімін жоғары бағалап, бұл қадам өзге елдерді аталған бастаманы қолдауға үндейтінін айтты.Айта кетейік, Авраам келісімі немесе Ибраһим келісімі, бұл - Израиль мен араб елдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға арналған келіссөздер. Бейбіт келісім 2020 жылдың күзінде Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн және Марокко арасында жасалды. Бұл бастаманың жүзеге асуына Трамп әкімшілігі күш салды.
https://sputnik.kz/20251107/toqaev-qazaqstan-aqsh-tagy-uranga-suranystyn-25-payyzyn-zhauyp-otyr--58522138.html
қазақстан
израиль
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/237/25/2372574_488:0:5415:3695_1920x0_80_0_0_bd82d3a49fb3f86c4230666da7e59260.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, израиль, келісім
қазақстан, израиль, келісім
Қазақстан Авраам келісімдеріне қосылды
17:18 07.11.2025 (жаңартылды: 17:22 07.11.2025) Бейбіт келісім 2020 жылдың күзінде Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн және Марокко арасында жасалды
АСТАНА, 7 қараша - Sputnik. Қазақстан Авраам келісімдеріне қосылды, деп хабарлайды
сыртқы істер министрлігі.
Бұл маңызды шешім Қазақстан мүддесі үшін қабылданды, дейді ведомство өкілдері.
"Бұл - республиканың теңгерімді, сындарлы, бейбіт сыртқы саясатының сипатына толық сәйкес келеді. Авраам келісімдеріне қосылу еліміздің барлық мүдделі мемлекеттермен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді, яғни Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына толық сәйкес", - дейді министрліктегілер.
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан әрдайым Таяу Шығыстағы қақтығыстың халықаралық құқық нормаларына, БҰҰ тиісті қарарларына және "екі халық үшін екі мемлекет" қағидаты негізінде әділ, жан-жақты әрі орнықты реттелуін қолдайды.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға сапары барысында бүгін Ақ үйдегі кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесіп, онда Қазақстан Республикасының Ибраһим келісімдеріне қосылуы әңгімелесудің арқауы болды.
Дональд Трамп Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешімін жоғары бағалап, бұл қадам өзге елдерді аталған бастаманы қолдауға үндейтінін айтты.
Айта кетейік, Авраам келісімі немесе Ибраһим келісімі, бұл - Израиль мен араб елдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға арналған келіссөздер. Бейбіт келісім 2020 жылдың күзінде Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн және Марокко арасында жасалды. Бұл бастаманың жүзеге асуына Трамп әкімшілігі күш салды.