Павлодарлық "Хатико" түрмеден шыққан иесін қақпа алдынан күтіп алды

© Photo : Polisia.kzПавлодарлық "Хатико" түрмеден шыққан иесін қақпа алдынан күтіп алды
Павлодарлық Хатико түрмеден шыққан иесін қақпа алдынан күтіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2025
Жазылу
Иванның айтуынша, дәл осы "Тайсон" туралы ойлар оған үміт сыйлаған
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Павлодарда жүректі елжіретер оқиға болды. Ұрлық жасап сотталған Иван жазасын өтеп, рақымшылыққа ілігіп бостандыққа шыққан сәтте, мекеме қақпасының алдында оны төртаяқты досы – "Тайсон" күтіп алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қақпа ашылғанда Иван көз алдындағы таныс бейнені бірден таныды. "Тайсон" иесін көрген бойда, қуаныштан жүгіріп келіп, құйрығын бұлғаңдатып қарсы алды.
"Ал Иван қуаныш пен сағынышын жасыра алмай, көз жасына ерік берді де, сүйікті итін құшағына қысты. Сол сәт – нағыз адалдық пен сүйіспеншіліктің символына айналды", - деп жазылған полиция хабарламасында.
Иванның айтуынша, дәл осы "Тайсон" туралы ойлар оған үміт сыйлап, өмірін қайта бағалауға түрткі болған. Жазасын өтеу кезінде ол еңбек пен тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысып, тәртіп пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.
Мекеме әкімшілігі оның оң өзгерістерін атап өтіп, қоғамға қайта бейімделуге дайын екенін жеткізді. Бүгінде Иван мен "Тайсон" жаңа өмірдің парағын бірге ашты. Алда оларды сынақтар да, үміт те күтіп тұр. Бірақ ең бастысы – олар енді жалғыз емес.
Ит - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2020
Қоғам
Иесінің қабірін күзеткен алматылық Хатико қазақстандықтардың жүрегін елжіретті
Жаңалықтар
0