ЕАЭО мен БАӘ елдер арасындағы теңіз тасымалын дамыту мәселесін талқылады

Порт Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2025
Жазылу
Министрлер Абу-Дабиде логистика саласындағы ынтымақтастық және көлік дәліздерін құру мәселелерін көтерді
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. ЕАЭО мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы 2025 жылы қол қойылған экономикалық серіктестік туралы келісім стратегиялық серіктестікті нығайтуға және ЕАЭО-БАӘ форматында жұмыс істеуге берік негіз қалайды, деп мәлімдеді ЕЭК министрі Арзыбек Қожошев.
Абу-Дабидегі ADIPEC энергетикалық форумында ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі БАӘ энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл Мохамед Әл Мазруимен кездесті.
Қожошев мұндай серіктестіктің ең маңызды басымдықтарына логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту және халықаралық көлік дәліздерін, цифрлық көлік дәліздерін және кластерлерді құру кіретінін атап өтті.
© Photo : Пресс-служба ЕЭКЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі БАӘ энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл Мохамед Әл Мазруимен кездесті
Рабочая встреча министра по энергетике и инфраструктуре ЕЭК Арзыбека Кожошева с министром энергетики и инфраструктуры ОАЭ Сухейлем Мохамедом Аль Мазруи - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2025
ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі БАӘ энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл Мохамед Әл Мазруимен кездесті
Кездесуде министрлер "Солтүстік – Оңтүстік" дәлізі маңыздылығының артуы, сондай-ақ БАӘ порттарына және кері бағытта, ЕАЭО елдеріне теңіз тасымалын дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Арзыбек Қожошев AD Ports Group пен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойылғанын айтты.
"Бұл көлік саласында толыққанды ынтымақтастық басталғанын білдіреді, оның ішінде электронды құжат айналымын пайдалануды жеделдету, озық цифрлық жүйелерді құру және оларды үшінші ел жүйелерімен біріктіру жұмыстары бар", - деді ЕЭК министрі.
Сондай-ақ олар ЕЭК пен БАӘ арасындағы баламалы және жаңартылатын энергия көздерін дамыту және климаттық күн тәртібі саласындағы озық тәжірибелерді алмасу жайын талқылады.
Жаңалықтар
0