Астана әуежайында жаңа ұшу-қону жолағы пайда болуы мүмкін

Астана әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2025
Жазылу
Перрондар мен терминалдарды жаңарту және логистикалық инфрақұрылымды дамыту да жоспарланып отыр
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Астана әуежайына жаңа ұшу-қону жолағы салынады деп жоспарланып отыр.
Бұл мәселе премьер-министр Олжас Бектенов қатысқан үкімет отырысында талқыланды.
"Жиынға қатысушылар әуежайды одан әрі дамыту үшін инвесторларды тарту мәселесін талқылады. Ірі халықаралық корпорациялардың қызығушылығы байқалады", - делінген үкіметтің баспасөз қызметі жариялаған мәлімдемеде.
Перрондар мен терминалдарды жаңарту және логистикалық инфрақұрылымды дамыту да жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта әуежай жылына шамамен 9 миллион жолаушыға қызмет көрсетеді.Бұл көрсеткіш алдағы жылдары 12 миллионға дейін артуы мүмкін.
Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2025
Алматы әуежайы 2050 жылға қарай 55 млн жолаушы қабылдай алады
Жаңалықтар
0