https://sputnik.kz/20251107/as-tuzyn-koktaygaqqa-qarsy-qoldanuga-tyyym-salynady-58526747.html
Ас тұзын көктайғаққа қарсы қолдануға тыйым салынады
Ас тұзын көктайғаққа қарсы қолдануға тыйым салынады
Sputnik Қазақстан
Мамандар оның топырақ пен экожүйеге зиянды әсері бар екенін мәлімдеді 07.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-07T10:10+0500
2025-11-07T10:10+0500
2025-11-07T10:10+0500
көктайғақ
тұз
жол жөндеу
тас жол
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/05/40619437_0:53:1025:630_1920x0_80_0_0_4f59872fd0dd5fb36dd33e49b1d03c9e.jpg
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Қазақстанда алғаш рет елді мекендер аумағында қолданылатын көктайғаққа қарсы материалдардың ұлттық стандарты әзірленді, деп хабарлайды Көлік министрлігі.Оны "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" (ҚазжолҒЗИ) жасады.Сарапшылардың айтуынша, мұндай жағдайда стандартты реагенттерді қолдану жарақат алу қаупін арттырып, жабындар мен абаттандыру элементтерінің бұзылуын жеделдетуі мүмкін, сондай-ақ адамдар мен үй жануарларының денсаулығына кері әсерін тигізуі ықтимал."ҚазжолҒЗИ" әзірлеген жаңа ұлттық стандарт қалалық ортаға қауіпсіз көктайғаққа қарсы материалдардың рұқсат етілген түрлерін, қасиеттерін және сапа көрсеткіштерін айқындайды.Бұл стандартты енгізу қыс мезгіліндегі көктайғақпен күрес шараларының тиімділігін арттыруға, қауіпті реагенттердің қолданылуын болдырмауға мүмкіндік береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/05/40619437_57:0:968:683_1920x0_80_0_0_9e3da7b904e319e13276da162599c37b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көктайғақ, тұз, жол жөндеу, тас жол
көктайғақ, тұз, жол жөндеу, тас жол
Ас тұзын көктайғаққа қарсы қолдануға тыйым салынады
Мамандар оның топырақ пен экожүйеге зиянды әсері бар екенін мәлімдеді
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Қазақстанда алғаш рет елді мекендер аумағында қолданылатын көктайғаққа қарсы материалдардың ұлттық стандарты әзірленді, деп хабарлайды Көлік министрлігі.
Оны "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" (ҚазжолҒЗИ) жасады.
"Бұған дейін елде тек ГОСТ 33387-2015 "Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары. Көктайғаққа қарсы материалдар. Техникалық талаптар" стандарты қолданыста болған. Алайда оның қолданылу аясы тек жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарымен шектеліп, қалалық инфрақұрылымның, көшелердің, тротуарлардың, аялдамалардың және жаяу жүргіншілер өткелдерінің ерекшеліктерін ескермеген", – деп атап өтті "ҚазжолҒЗИ" мамандары.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай жағдайда стандартты реагенттерді қолдану жарақат алу қаупін арттырып, жабындар мен абаттандыру элементтерінің бұзылуын жеделдетуі мүмкін, сондай-ақ адамдар мен үй жануарларының денсаулығына кері әсерін тигізуі ықтимал.
"Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 238-бабының 9-тармағына сәйкес, елді мекендер аумағында топыраққа, өсімдіктерге және экожүйеге зиянды әсері болғандықтан көктайғақпен күрес мақсатында ас тұзын қолдануға тыйым салынады", - деп түсіндірді жол мамандары.
"ҚазжолҒЗИ" әзірлеген жаңа ұлттық стандарт қалалық ортаға қауіпсіз көктайғаққа қарсы материалдардың рұқсат етілген түрлерін, қасиеттерін және сапа көрсеткіштерін айқындайды.
Бұл стандартты енгізу қыс мезгіліндегі көктайғақпен күрес шараларының тиімділігін арттыруға, қауіпті реагенттердің қолданылуын болдырмауға мүмкіндік береді.