https://sputnik.kz/20251107/aqtobede-ariptesine-kredit-aldyryp-komip-tastagan-qaskunem-sottaldy-58540062.html
Ақтөбеде әріптесіне кредит алдырып, көміп тастаған қаскүнем сотталды
Ақтөбеде әріптесіне кредит алдырып, көміп тастаған қаскүнем сотталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Ақтөбе қаласында әріптесіне кредит алдырып, артынан өлтіріп тастаған қаскүнем 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 07.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-07T14:26+0500
2025-11-07T14:26+0500
2025-11-07T14:26+0500
ақтөбе
кредит
қаскөй
https://sputnik.kz/img/old/921/16/9211644_0:46:3080:1779_1920x0_80_0_0_4947aaaf2a3e7f0fa6ca9dab51ebcd5d.jpg
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Ақтөбе қаласында әріптесіне кредит алдырып, артынан өлтіріп тастаған қаскүнем 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қылмыстық іс Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.Іс материалына сәйкес, сотталушы Л. Ақтөбе қаласында орналасқан зауыттардың бірінде жәбірленуші К.-мен бірге жұмыс істеп жүріп, одан ақша талап етуге бел буған.Ірі мөлшерде қаражатты қорқытып алғаннан кейін, Л. қылмысты жасыру мақсатында, жәбірленуші К.-ны шүберекпен қылғындырып, өлтірген. Мәйітін У.-дың тұратын жері – Алға ауданы аумағына апарып, үйінен алып шыққан күрекпен көміп тастаған. Осы дерек бойынша, У. аса ауыр қылмысты біле тұра жасырған.Сотталушы Л. тағылған айып бойынша кінәсін толық мойындамады. Сотталушы У. кінәсін толық мойындады. Жәбірленуші тарапы заң шеңдерінде қатаң жаза тағайындауды қалайтынын көрсетті.Сотталушылардың кінәсі сараптама қорытындыларымен, бейнебақылау камераларындағы жазбалармен, заттай айғақтармен дәлелденді.Сот үкімімен сотталушы Л. ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 8, 10) тармақтарымен, 194-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, оған қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Сотталушы У. ҚК-нің 432-бабымен кінәлі деп танылып, оған "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңы негізінде, түпкілікті 3 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Жәбірленушінің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/921/16/9211644_191:0:2922:2048_1920x0_80_0_0_014d97a8a837d34e613e2f1e131c014d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, кредит, қаскөй
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Ақтөбе қаласында әріптесіне кредит алдырып, артынан өлтіріп тастаған қаскүнем 20 жылға сотталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыстық іс Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
Іс материалына сәйкес, сотталушы Л. Ақтөбе қаласында орналасқан зауыттардың бірінде жәбірленуші К.-мен бірге жұмыс істеп жүріп, одан ақша талап етуге бел буған.
"Сөйтіп, Л. 2025 жылдың сәуір айында К-ны үйінің алдында күтіп, оның артынан автокөлігімен зауытқа дейін еріп барып, кейін автокөлігіне отырғызып, қала сыртына алып шығып, ұялы телефонындағы банк қосымшасы арқылы 7,7 млн теңге несие рәсімдеткен. Бұл қаражатты танысы У.-дың есепшотына аударып жіберген", - деп жазылған хабарламада.
Ірі мөлшерде қаражатты қорқытып алғаннан кейін, Л. қылмысты жасыру мақсатында, жәбірленуші К.-ны шүберекпен қылғындырып, өлтірген. Мәйітін У.-дың тұратын жері – Алға ауданы аумағына апарып, үйінен алып шыққан күрекпен көміп тастаған. Осы дерек бойынша, У. аса ауыр қылмысты біле тұра жасырған.
Сотталушы Л. тағылған айып бойынша кінәсін толық мойындамады. Сотталушы У. кінәсін толық мойындады. Жәбірленуші тарапы заң шеңдерінде қатаң жаза тағайындауды қалайтынын көрсетті.
Сотталушылардың кінәсі сараптама қорытындыларымен, бейнебақылау камераларындағы жазбалармен, заттай айғақтармен дәлелденді.
"Сот сотталушы Л.-дың жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде айыбын мойындап келуін, жас балаларының болуын, ал сотталушы У.-дың кінәсін мойындап, шын ниетпен өкiнуін және жас балаларының болуын ескерді", - дейді сот.
Сот үкімімен сотталушы Л. ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 8, 10) тармақтарымен, 194-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, оған қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталушы У. ҚК-нің 432-бабымен кінәлі деп танылып, оған "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңы негізінде, түпкілікті 3 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жәбірленушінің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.