Сегіз вагон рельстен шығып кетті: оқиға салдарынан пойыздар кешікті

© Sputnik / Игорь Маслов / Медиабанкке өтуРльстен шыққан вагон
Рльстен шыққан вагон - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2025
Жазылу
Оқиға орнына төтенше жағдайлар бригадалары мен қалпына келтіру пойыздары жіберілді
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Ақмола облысында пойыздардың кешігуіне теміржолдағы апат себеп болды, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы".
"Ақмола облысындағы Макинка станциясына іргелес орналасқан "Бота 2015" ЖШС қапталында 12 вагон орнынан жылжып кетіп, салдарынан олардың сегізі рельстен шығып кетті", - делінген хабарламада.
Ұлттық компания маневрлік операцияларды орындап жатқан локомотив жеке компанияға тиесілі екенін, ал маинистер бригадасы жеке ұйымның қызметкерлері екенін хабарлады.
"Апат салдарынан байланыс желісі зақымдалды. Зардап шеккендер жоқ. Пойыздар кешігуі бар", - делінген хабарламада.
Апаттың салдарын жою және инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін оқиға орнына төтенше жағдайлар бригадалары мен қалпына келтіру пойыздары жіберілді.
Вагондардың рельстен шығу себебі анықталып жатыр.
Темір жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2025
Абай облысында теміржол учаскесін жөндеу кезінде кран рельстен шығып кетті
Жаңалықтар
0