Қазақстанда жасалған вагондар сынақтан сәтті өтті

© Photo : "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясыStadler вагондары Қазақстанның солтүстігіндегі климаттық сынақтан сәтті өтті
Stadler вагондары Қазақстанның солтүстігіндегі климаттық сынақтан сәтті өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 6 қазан – Sputnik. Қазақстанда жасалған Stadler вагондары солтүстік аймақта климаттық сынақтан сәтті өтті, деп хабарлайды Қазақстан темір жолы.
Астанадағы "Штадлер Қазақстан" ЖШС зауытында өндірілген жолаушылар вагондары еліміздің солтүстік өңірінде арнайы климаттық сынақтан өткізілді.
"Вагондар климаттық сынақтан сәтті өтіп, сырттағы ауа температурасы –10 °C және одан төмен болғанда да, купе ішіндегі ауа температурасы +22 °C деңгейінде тұрақты сақталды", - дейді компания.
© Photo : "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясыStadler вагондары Қазақстанның солтүстігіндегі климаттық сынақтан сәтті өтті
Stadler вагондары Қазақстанның солтүстігіндегі климаттық сынақтан сәтті өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2025
Stadler вагондары Қазақстанның солтүстігіндегі климаттық сынақтан сәтті өтті
Жаңа Stadler вагондарының әр купесі жолаушылардың жеке жайлылығын қамтамасыз етуге арналған заманауи басқару панелімен жабдықталған. Бұл жүйе арқылы жолаушы температура мен жарықты өз қалауына қарай реттей алады. Ал қажет болған жағдайда бір батырманы басып жолсерікті шақыра алады.
"Вагондардың инженерлік шешімдері оларды –50 °C-тан +45 °C-қа дейінгі температура аралығында пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл үшін қосымша жылу оқшаулағыш материалдар қолданылып, қуатты жылыту және желдету жүйелері орнатылған, сондай-ақ дизельді қозғалтқыштарға арналған алдын ала жылыту құрылғылары қарастырылған", - дейді компания мамандары.
Биыл қыркүйек айында Stadler жолаушылар вагондары Кеден одағының техникалық регламенті ТР ТС 001/2011 талаптарына сәйкес сертификаттаудан өте бастады. Бұған дейін вагондар елдің оңтүстік және шығыс өңірлерінде 10 000 шақырымнан астам сынақтық бағыттарды еңсеріп, тежеу жүйесінің, жүріс бөлігінің және негізгі қауіпсіздік элементтерінің сенімділігін дәлелдеді.
© Photo : "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясыStadler вагондары Қазақстанның солтүстігіндегі климаттық сынақтан сәтті өтті
Stadler вагондары Қазақстанның солтүстігіндегі климаттық сынақтан сәтті өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2025
Stadler вагондары Қазақстанның солтүстігіндегі климаттық сынақтан сәтті өтті
Қазақстанда өндірілген алғашқы вагондар 2025 жылдың желтоқсан айында "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға тапсырылады. Сонымен қатар Stadler компаниясы жылжымалы құрамға 20 жыл сервистік қызмет көрсетеді. Жалпы келісім бойынша 2030 жылға дейін 557 вагон өндіру жоспарланған.
Жаңалықтар
0