https://sputnik.kz/20251106/qazaqstan-armeniyaga-30-zhyldyn-ishinde-algash-ret-azyq-tulik-bidayyn-zhoneltti-58493147.html
Қазақстан 30 жылдың ішінде алғаш рет Арменияға азық-түлік бидайын жөнелтті
Қазақстан 30 жылдың ішінде алғаш рет Арменияға азық-түлік бидайын жөнелтті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 қараша — Sputnik. Еліміздің ұлттық астық операторы 30 жыл ішінде алғаш рет Армения Республикасына азық-түлік бидайын жеткізді, деп хабарлайды Sputnik... 06.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-06T10:38+0500
2025-11-06T10:38+0500
2025-11-06T10:39+0500
қазақстан
армения
астық
бидай
https://sputnik.kz/img/401/90/4019046_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_8d06a5bd6bab19bcdbd0e0a08e815997.jpg
АСТАНА, 6 қараша — Sputnik. Еліміздің ұлттық астық операторы 30 жыл ішінде алғаш рет Армения Республикасына азық-түлік бидайын жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл Қазақстан мен Әзербайжан президенттерінің келісімдерінің арқасында, Әзербайжан аумағы арқылы транзитті қайта жандандырудың нәтижесінде жүзеге асты.Биылғы жылдың 21 қазанында Астанада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевтің кездесуі өтіп, онда Ереван бағытына жүк транзитіне қойылған барлық шектеудің алынғаны айтылды.Бүгін 15 вагоннан тұратын пойыз Әзербайжан шекарасынан өтті. Бірнеше күннен кейін қазақстандық бидай Армениядағы Даларик станциясына жеткізіледі деп жоспарланып отыр.Бакуге жұмыс сапары барысында "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ басшылығы Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігі өкілдерімен кездесті. Тараптар транзиттік жүктің сәтті өтуін және оны армяндық серіктестеріне жеткізуді бірлесіп бақылап отыр."Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Асылхан Джувашевтің айтуынша, жаңа транзиттік бағыттың ашылуы қазақстандық астық экспортының аумағын кеңейтумен қатар, Кавказ өңірі елдері арасындағы логистикалық байланыстарды дамытуға және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға зор ықпал етеді.
https://sputnik.kz/20251104/ministr-egis-alqaptary-azayganmen-astyq-byltyrgydan-kop-zhinalganyn-malimdedi-58426105.html
қазақстан
армения
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/401/90/4019046_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_61bfe73b6709cf78880efb755bae9923.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, армения, астық, бидай
қазақстан, армения, астық, бидай
Қазақстан 30 жылдың ішінде алғаш рет Арменияға азық-түлік бидайын жөнелтті
10:38 06.11.2025 (жаңартылды: 10:39 06.11.2025) АСТАНА, 6 қараша — Sputnik. Еліміздің ұлттық астық операторы 30 жыл ішінде алғаш рет Армения Республикасына азық-түлік бидайын жеткізді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл Қазақстан мен Әзербайжан президенттерінің келісімдерінің арқасында, Әзербайжан аумағы арқылы транзитті қайта жандандырудың нәтижесінде жүзеге асты.
Биылғы жылдың 21 қазанында Астанада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевтің кездесуі өтіп, онда Ереван бағытына жүк транзитіне қойылған барлық шектеудің алынғаны айтылды.
"Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт келісімдерді қолдау мақсатында Қазақстан жаңа теміржол бағытымен азық-түліктік бидайдың пилоттық партиясын жөнелтті", - деп жазылған хабарламада.
Бүгін 15 вагоннан тұратын пойыз Әзербайжан шекарасынан өтті. Бірнеше күннен кейін қазақстандық бидай Армениядағы Даларик станциясына жеткізіледі деп жоспарланып отыр.
Бакуге жұмыс сапары барысында "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ басшылығы Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігі өкілдерімен кездесті. Тараптар транзиттік жүктің сәтті өтуін және оны армяндық серіктестеріне жеткізуді бірлесіп бақылап отыр.
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Асылхан Джувашевтің айтуынша, жаңа транзиттік бағыттың ашылуы қазақстандық астық экспортының аумағын кеңейтумен қатар, Кавказ өңірі елдері арасындағы логистикалық байланыстарды дамытуға және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға зор ықпал етеді.