https://sputnik.kz/20251106/mukhtar-shakhanovtyn-uly-qaytys-boldy-58489705.html
Мұхтар Шахановтың ұлы қайтыс болды
Мұхтар Шахановтың ұлы қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
Ақын осымен екінші ұлынан айырылып отыр 06.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-06T08:23+0500
2025-11-06T08:23+0500
2025-11-06T08:26+0500
мұхтар шаханов
қаза
ақын
https://sputnik.kz/img/1144/48/11444873_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_a079bc671ac67cf931248ac9b9be1f33.jpg
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Ақын, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шахановтың ұлы қайтыс болды. Қаралы хабарды жазушы Құдияр Біләл жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Айта кетері, Мұхтар Шаханов осымен екінші ұлынан айырылып отыр. 2021 жылы Рауан Шаханов дүниеден өтті.Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) Отырар ауданында дүниеге келген. 1961-65 жылдары Шымкент педагогикалық институтында білім алған. Оқуды бітірген соң "Оңтүстік Қазақстан" газетінде корректор (1960-65 жж.), "Лениншіл жас" газетінде (1965-70 жж.) оңтүстік өңірдегі меншікті тілші, отандық телевизия, радио, редакцияларда жұмыс істеді. 1976 жылдан Қазақ КСР министрлер кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы қызметін атқарды.1984 жылы "Жалын" альманағының бас редакторы болды. 1986 жылы "Жалын" журналының бас редакторы қызметіне кірісті.1988 жылы республикада тұңғыш құрылған экологиялық қозғалыс – Арал мен Балқаш мәселесі жөніндегі қоғамдық комитеттің төрағасы болды.1986 жылы Желтоқсан көтерілісі кезінде қазаққа "ұлтшыл" деп айып таққан КОКП орталық комитеті саяси бюросының қаулысына қарсы бас көтерді.1988 жылы ислам дінінің қалдығы деген желеумен тыйым салынған "Наурыз" мерекесінің 62 жылдан кейін қайта салтанат құруына мұрындық болды.1989 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің, ал 1991 жылы Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.1992 жылы Олжас Сүлейменовпен бірлесіп, "Халық конгресі" партиясын құрды.1993-2003 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды.2004-2007 жылдары ҚР парламенті мәжілісінің депутаты болды.2010 жылдан "Тәуелсіздікті қорғау" атты 50-ден астам қоғамдық ұйымның, партия, баспасөз орындарының басын қосатын халықтық-демократиялық қозғалыстың төрағасы және республикалық "Жалын" журналының бас редакторы болды.Шығармашылығы мен марапаттарыАқынның алғашқы өлеңі 1959 жылы жарияланды, ал "Бақыт" аталатын тұңғыш жыр жинағы 1966 жылы басылып шықты. Одан кейін 1968 жылы "Балладалар", 1970 жылы "Ай туып келеді", 1974 жылы "Қырандар төбеге қонбайды", 1976 жылы "Сенім патшалығы" кітаптары шықты."Махаббат заңы", "Сенім патшалығы", "Сократты еске алу түні" атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. Шыңғыс Айтматовпен бірлесіп жазған "Құз басындағы аңшының зары" атты эссе кітабы мен "Сократты еске алу түні" атты драмасы көптеген тілге аударылды.Мұхтар Шаханов 60-тан аса елден 120-ға тарта сыйлық алған. 2002 жылы Эйнштейн атындағы алтын медаль бтапсырылды.1994 жылы Қырғыз Республикасының халық ақыны атағы берілді. 1996 жылы Қазақстан Республикасының халық жазушысы атанды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1144/48/11444873_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_01ebe34eb1f1a703b999cd7c5cd6cdf5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұхтар шаханов, қаза, ақын
мұхтар шаханов, қаза, ақын
Мұхтар Шахановтың ұлы қайтыс болды
08:23 06.11.2025 (жаңартылды: 08:26 06.11.2025) Ақын осымен екінші ұлынан айырылып отыр
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Ақын, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шахановтың ұлы қайтыс болды. Қаралы хабарды жазушы Құдияр Біләл жеткізді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
"Мұхтар Шаханов ағамыздың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін дүниеден озды. Иманы саламат болсын!", - деп жазды Құдияр Біләл желідегі парақшасында.
Айта кетері, Мұхтар Шаханов осымен екінші ұлынан айырылып отыр. 2021 жылы Рауан Шаханов дүниеден өтті.
Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) Отырар ауданында дүниеге келген. 1961-65 жылдары Шымкент педагогикалық институтында білім алған. Оқуды бітірген соң "Оңтүстік Қазақстан" газетінде корректор (1960-65 жж.), "Лениншіл жас" газетінде (1965-70 жж.) оңтүстік өңірдегі меншікті тілші, отандық телевизия, радио, редакцияларда жұмыс істеді. 1976 жылдан Қазақ КСР министрлер кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы қызметін атқарды.
1984 жылы "Жалын" альманағының бас редакторы болды. 1986 жылы "Жалын" журналының бас редакторы қызметіне кірісті.
1988 жылы республикада тұңғыш құрылған экологиялық қозғалыс – Арал мен Балқаш мәселесі жөніндегі қоғамдық комитеттің төрағасы болды.
1986 жылы Желтоқсан көтерілісі кезінде қазаққа "ұлтшыл" деп айып таққан КОКП орталық комитеті саяси бюросының қаулысына қарсы бас көтерді.
1988 жылы ислам дінінің қалдығы деген желеумен тыйым салынған "Наурыз" мерекесінің 62 жылдан кейін қайта салтанат құруына мұрындық болды.
1989 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің, ал 1991 жылы Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.
1992 жылы Олжас Сүлейменовпен бірлесіп, "Халық конгресі" партиясын құрды.
1993-2003 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды.
2004-2007 жылдары ҚР парламенті мәжілісінің депутаты болды.
2010 жылдан "Тәуелсіздікті қорғау" атты 50-ден астам қоғамдық ұйымның, партия, баспасөз орындарының басын қосатын халықтық-демократиялық қозғалыстың төрағасы және республикалық "Жалын" журналының бас редакторы болды.
Шығармашылығы мен марапаттары
Ақынның алғашқы өлеңі 1959 жылы жарияланды, ал "Бақыт" аталатын тұңғыш жыр жинағы 1966 жылы басылып шықты. Одан кейін 1968 жылы "Балладалар", 1970 жылы "Ай туып келеді", 1974 жылы "Қырандар төбеге қонбайды", 1976 жылы "Сенім патшалығы" кітаптары шықты.
"Махаббат заңы", "Сенім патшалығы", "Сократты еске алу түні" атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. Шыңғыс Айтматовпен бірлесіп жазған "Құз басындағы аңшының зары" атты эссе кітабы мен "Сократты еске алу түні" атты драмасы көптеген тілге аударылды.
Мұхтар Шаханов 60-тан аса елден 120-ға тарта сыйлық алған. 2002 жылы Эйнштейн атындағы алтын медаль бтапсырылды.
1994 жылы Қырғыз Республикасының халық ақыны атағы берілді. 1996 жылы Қазақстан Республикасының халық жазушысы атанды.