Түркістан облысындағы атыс: ауруханада жатқандардың жағдайы белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2025
Жазылу
Науқастардың денсаулығы біртіндеп жақсарып келеді
АЛМАТЫ, 5 қараша – Sputnik. Түркістан облысында атыс кезінде жарақат алғандардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі уақытта қақтығысқа қатысқандардың екеуі ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша денсаулығы бірқалыпты.
"Жалпы жағдайлары бірқалыпты, орташа ауыр. Екеуі де палатада жатыр, өзін-өзі күтуге қабілетті. Ем тағайындалған көлемде толық жүргізілуде", - дейді Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Науқастардың денсаулығы біртіндеп жақсарып келеді.
Еске сала кетейік, Түркістан облысы Түлкібас ауданында жастар арасында атыс болып, салдарынан 2008 жылы туған бозбала көз жұмды. Тағы үш тұрғынға оқ тиіп, жараланған.
Оқиға 2 қарашада болған. Полиция қылмыстық іс қозғады.
Новый самозарядный компактный пистолет Полоз - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2025
Түркістан облысында атыс болып, 17 жастағы бозбала көз жұмды
Жаңалықтар
0