Семейде өзін мүгедек етіп көрсеткен ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)

© Photo : Steve BuissinneИнвалид
Инвалид - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2025
Жазылу
Ер адам инсульт алған адамның кейпіне енген
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Семейде өзін мүгедек етіп көрсетіп, қайыр сұраумен айналысқан 39 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ол Засядко көшесіндегі сауда үйлерінің бірінің маңында отырған. Ер адам инсульт алған адамның кейпіне еніп, азаматтардың аяушылық сезімін тудырып, алдап келген. Айталық, қоғам белсенділерінің бірі бұл адам шынымен көмекке мұқтаж деп ойлап, материалдық көмек көрсеткен.
"Алайда кейіннен бұл адамның мүгедек еместігін тұрғындардан естіген, оның денсаулығында ешқандай ақау жоқ екендігі туралы ақпарат алған", - дейді полицейлер.
Ол қайыр сұрағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Ер адам Семей қалалық полиция басқармасының арнайы қабылдау орнында жазасын өтеп шықты.
Жаңалықтар
0