Көкшетауда жемқорлардан қайтарылған ақшаға спорт кешені салынып жатыр

© Photo : Үкіметтің баспасөз қызметіКөкшетауда жемқорлардан қайтарылған ақшаға спорт кешені салынып жатыр
Көкшетауда жемқорлардан қайтарылған ақшаға спорт кешені салынып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2025
Жазылу
Нысанда негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Көкшетауда қайтарылған активтер қаражаты есебінен жаңа спорт кешені салынып жатыр, оған үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан 12,6 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Спорт кешенінде олимпиадалық стандарттың сертификатталған құралдарымен жабдықталған бокс, күрес, ауыр атлетика және кроссфитке арналған залдар қарастырылған, бұл Көкшетауда республикалық және әлемдік деңгейдегі IBA жарыстарын өткізуге мүмкіндік береді.
"Спорт кешенінің аумағында екі футбол алаңы, ядро мен найза лақтыруға арналған алаң, ойын және жаттығу аймақтары, әмбебап спорт алаңдары және жеңіл атлетика аймағы орналасатын болады. Халықтың мобильділігі төмен топтары үшін арнайы құрал-жабдықтар қарастырылған", - деп жазылған үкіметтің хабарламасында.
Бұдан бөлек, өрт-қолданбалы спорт түрлеріне арналған скалодром және мұнарасы бар әмбебап спорт залын ашу жоспарлануда. Мұнда кәсіби құтқарушыларды даярлайтын ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының курсанттары өздерінің кәсіби дағдыларын арттыра алады.
Мәдени-бұқаралық іс-шараларға арналған заманауи мультимедиялық жүйелері бар 650 орындық зал да қолжетімді болмақ.
Нысанда негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды, ішкі әрлеу, абаттандыру және инженерлік желілер жүргізіліп жатыр. Нысанның жалпы дайындығы – 85%. Осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2025
Былтыр 914 жемқор сотталды: Асхат Жұмағали президентке есеп берді
Жаңалықтар
0