Bek Air ұшағының апаты: Алматы сотында кінәлілерге қатысты үкім шықты

© Sputnik / Тимур БатыршинBek Air ұшағы
Bek Air ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2025
Жазылу
Тергеу барысында ұшқыштардың ұшу ережелерін он бір рет бұзғаны анықталды
АСТАНА, 5 қазан - Sputnik. Алматы сотында 2019 жылы Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына кімдер кінәлі екені айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Түрксіб аудандық сотында әуе кемесінің командирі мен екінші ұшқышқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Марқұм ұшқыштар Марат Мұратбаев и Мейіржан Молдақұлов кінәлі деп табылып, олардың үстінен Қылмыстық Кодекстің 344-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалды.
️"Апаттың себебі - ұшақтың қанаттарында жиналған қар мен мұз қабаты болған. Бұл жағдай әуе кемесінің ұшу кезінде көтергіш күшін жоғалтуына және әуежай аумағынан тыс нысандармен соқтығысуына әкелген", - дейді сот.
Ведомствоның мәліметінше, тергеу барысында ұшқыштардың ұшу ережелерін он бір рет бұзғаны анықталды. Атап айтқанда, олар ұшуға дейінгі тексеруді тиісінше жүргізбеген, қанаттағы мұз қатуын байқамаған және мұздануға қарсы өңдеу жүргізу туралы шешім қабылдамаған.
Сонымен қатар, ұшу кезінде ұшақтың көтерілу бұрышы мен бағытын сақтау талаптары бұзылған. Бұл жағдайда ұшуды тоқтату қажет еді.
Аталған қателіктер мен әуе кемесінің командирі мен екінші ұшқыштың әрекетсіздігі апатқа әкеліп соққан.
"Сот үкімімен әуе кемесінің командирі мен екінші ұшқыш Қылмыстық Кодекстің 344-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды, бірақ олардың қайтыс болуына байланысты жаза тағайындалмады", - дейді қалалық сот.
Еске сала кетейік, 2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы әуежайында "Алматы – Астана" бағыты бойынша ұшып шыққан әуе кемесі ұшқаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшыраған. Бортта 98 адам болған - 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі. Апат салдарынан 12 адам көз жұмған.
53 жолаушы әртүрлі ауырлықтағы дене жарақаттарын алған. Тағы 21 адам сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан.
Ақтаудағы ұшақ апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2025
Ақтаудағы ұшақ апаты: министр тергеу қай сатыда тұрғанын айтты
Жаңалықтар
0