Атырау әкімдігі сотта қала тұрғынынан жеңіліп қалды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуМолоток судьи суд приговор
Молоток судьи суд приговор - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2025
Жазылу
Әкімдік бірінші сатыдағы сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірген
АЛМАТЫ, 5 қараша – Sputnik. Атырау тұрғыны қала әкімдігін сотқа берді, деп хабарлайды облыстық сот.
Атырау тұрғыны 2020 жылы ауданы 45 шаршы метр тұрғын үйді және ауданы 0,0679 га жер телімін жеке меншікке сатып алған. Жер телімін пайдаланудағы мақсаты тұрғын үй салу болған.
2023 жылы қаланың жер қатынастары бөлімі үй салуға рұқсат беріп, 2024 жылы құрылыстың эскиздік жобасы келісілген. Алайда үйін салып біткен тұрғынға 2024 жылдың соңында қала әкімдігі тұрғын сәулет-жоспарлау тапсырмасын орындамады деген желеумен әу баста берілген келісімнің күшін жоймақ болады. Тұрғын амалсыз сотқа жүгінеді.
Әкімдік пен тұрғын арасындағы әкімшілік іс Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралады.
"Жердің заңды түрде сатып алынғаны анықталды. Сот жер қатынастары бөлімінің эскиздік жобаны келісудің күшін жою туралы бұйрығын заңсыз деп танып, оның күшін жойды", - дейді ведомство.
Әкімдік бірінші сатыдағы сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Алайда Атырау облыстық соты да бірінші сот актісін өзгеріссіз қалдырды.
Тұрғын үй кешені - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2025
Көкшетауда бөлім басшысы көппәтерлі тұрғын үйлерді заңсыз пайдалануға берген
Жаңалықтар
0