https://sputnik.kz/20251104/umit-samgau-qarzhy-piramidasyna-qatysty-tergeu-zhurip-zhatyr-58430095.html
"Үміт Самғау" қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүріп жатыр
"Үміт Самғау" қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүріп жатыр
Sputnik Қазақстан
Қылмыстық схемаға ұйымдастырушының туыстары мен таныстары "дропперлер" ретінде тартылған 04.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-04T15:00+0500
2025-11-04T15:00+0500
2025-11-04T15:00+0500
қаржы пирамидасы
қарағанды облысы
https://sputnik.kz/img/1419/44/14194450_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_43670f669029685dbede4eb5e60b24cf.jpg
АЛМАТЫ, 4 қараша – Sputnik. Қарағанды облысында "Үміт Самғау" қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.Компания өз қызметін жалғызбасты аналарға, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсететін қайырымдылық жобасы түрінде жасырынған.Алайда қатысушыларға "табыс" нақты кәсіпкерлік қызмет есебінен емес, жаңа салымшылардың қаражатынан төленген.Қылмыстық схемаға ұйымдастырушының туыстары мен таныстары "дропперлер" ретінде тартылған. Олардың атына тіркелген банк карталары мен шоттарына салымшылардың ақшасы қабылданған.Жалпы қаржы пирамидасына 400-ден астам азамат тартылып, 100 млн теңгеден астам қаражат жиналған. Сот санкциясымен күдіктінің пәтері мен автокөлігіне тыйым салынды.Тергеу жалғасып жатыр.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1419/44/14194450_331:0:1831:1125_1920x0_80_0_0_ec388095f407e1d42b5537e42bdbcc39.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы, қарағанды облысы
қаржы пирамидасы, қарағанды облысы
"Үміт Самғау" қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүріп жатыр
Қылмыстық схемаға ұйымдастырушының туыстары мен таныстары "дропперлер" ретінде тартылған
АЛМАТЫ, 4 қараша – Sputnik. Қарағанды облысында "Үміт Самғау" қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Компания өз қызметін жалғызбасты аналарға, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсететін қайырымдылық жобасы түрінде жасырынған.
"Азаматтарға салған қаражатың 300%-тен 800%-ке дейін табыс әкеледі деп уәде беріп, әртүрлі "салым түрлерін" ұсынған. Жоба шарттары бойынша салым көлемі неғұрлым жоғары болса, табыс та соғұрлым көп болатыны айтылған", - дейді ведомство.
Алайда қатысушыларға "табыс" нақты кәсіпкерлік қызмет есебінен емес, жаңа салымшылардың қаражатынан төленген.
Қылмыстық схемаға ұйымдастырушының туыстары мен таныстары "дропперлер" ретінде тартылған. Олардың атына тіркелген банк карталары мен шоттарына салымшылардың ақшасы қабылданған.
Жалпы қаржы пирамидасына 400-ден астам азамат тартылып, 100 млн теңгеден астам қаражат жиналған. Сот санкциясымен күдіктінің пәтері мен автокөлігіне тыйым салынды.