Тараз тұрғыны коммуналдық қызметтен 1,1 млн теңге өндіріп алды

© Photo : Пресс-служба департамента по чрезвычайным ситуациям Алматы Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2025
Жазылу
Жүргізушінің көлігіне талдың үлкен бұтақтары құлап кеткен
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Тараз тұрғыны Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен талдың көлікке құлауы салдарынан келген залалды сот арқылы өндіріп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025 жылдың наурызында талап қоюшы өзінің "HYUNDAI i20" маркалы көлігімен келе жатып, қиылыстың бағдаршамына тоқтаған. Осы сәтте талап қоюшының көлігіне талдың үлкен бұтақтары құлаған.
Сарапшының қорытындысына сәйкес автокөлікті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының құны 1 млн теңгені құрады.
"Талап қоюшы соттан жауапкерден жалпы сомасы 1,1 млн теңгеден астам материалдық залалды, мемлекеттік бажды және өкілдің қызмет шығынын өндіріп алуды сұрады", - деп жазылған хабарламада.
"Қазгидромет" мәліметіне сәйкес, сол күні желдің ең жоғары жылдамдығы 31 м/с құрады. Жауапкер келтірілген залалды өтеу үшін бюджеттен қаржы ресурстары көзделмегенін және оқиға форс-мажор болып саналатынын айтып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартуды сұрады.
Сақтандыру компаниясының өкілі сотта ағаштың құлауы сақтандыру оқиғасы болып есептелмейтінін түсіндірді.
"Сотқа талап қоюшының көлігіне ағаш құлаған сәттің бейнежазбасы ұсынылды. Жауапкердің форс-мажорлық жағдай туралы сөзін растайтын дәлелдер ұсынылмады", - дейді сот.
Осылайша сот іс бойынша барлық материал мен дәлелдемені зерттеп, талап қоюды қанағаттандырды.
Жауапкерден көлік жүргізушінің пайдасына 1,1 млн теңгеден астам сома өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енді.
Алматыдағы саябақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2025
Алматыда ағаш бұтағы құлап, бір адам көз жұмды
Жаңалықтар
0