https://sputnik.kz/20251104/sudzhadan-300-turgynnyn-denesi-aketildi-58427702.html
Суджадан 300 тұрғынның денесі эвакуацияланды – Ресей Тергеу комитеті
Суджадан 300 тұрғынның денесі эвакуацияланды – Ресей Тергеу комитеті
Sputnik Қазақстан
Олар мәйітханаға жеткізіліп, тексерілді, содан кейін туыстарына тапсырылды 04.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-04T11:38+0500
2025-11-04T11:38+0500
2025-11-04T11:53+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/07/0b/55577350_0:0:1281:720_1920x0_80_0_0_c35107f190163ff8e157f251afbf6eca.jpg
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Курск облысындағы Суджа қаласынан 300 тұрғынның денесі әкетілді. Ресей Федерациясы Тергеу комитеті әскери тергеу органдарының қызметкері Александр Глухаревтің айтуынша олар Украина сарбаздарының қолынан қаза тапқан. Бұл туралы РИА Новости жазды.Оның айтуынша, эвакуациядан бөлек, тамыз айының ортасынан бастап бірнеше іздеу жұмысы жүргізілді, оның барысында 112 жергілікті тұрғынның денесі табылып, эксгумацияланды.Украина Қарулы Күштерінің бөлімшелері 2024 жылдың 6 тамызында таңертең Курск облысындағы аумақты басып алу мақсатында шабуылға шықты. 2025 жылдың 26 сәуірінде Ресей Қарулы күштері Бас штабының бастығы Валерий Герасимов Ресей президенті Владимир Путинге Курск облысын украин әскерінен азат ету операциясының аяқталғаны туралы есеп берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/0b/55577350_142:0:1102:720_1920x0_80_0_0_1c7f44d273a08296e73ee0ffc2dbfa5d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Суджадан 300 тұрғынның денесі эвакуацияланды – Ресей Тергеу комитеті
11:38 04.11.2025 (жаңартылды: 11:53 04.11.2025) Олар мәйітханаға жеткізіліп, тексерілді, содан кейін туыстарына тапсырылды
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Курск облысындағы Суджа қаласынан 300 тұрғынның денесі әкетілді. Ресей Федерациясы Тергеу комитеті әскери тергеу органдарының қызметкері Александр Глухаревтің айтуынша олар Украина сарбаздарының қолынан қаза тапқан. Бұл туралы
РИА Новости жазды.
"Курск облысындағы Бас әскери тергеу басқармасы жұмыс барысында шекара аймағынан 300-ден астам тұрғынның денесін эвакуациялады. Олар мәйітханаға жеткізіліп, тексерілді, содан кейін туыстарына тапсырылды", - деді Глухарев.
Оның айтуынша, эвакуациядан бөлек, тамыз айының ортасынан бастап бірнеше іздеу жұмысы жүргізілді, оның барысында 112 жергілікті тұрғынның денесі табылып, эксгумацияланды.
"Мәйіттерді эвакуациялау аяқталғаннан кейін, денелердің табылғаны, орналасқан жері, кім екені анықталғаны немесе анықталмағаны туралы мәлімет тізілімге енгізіледі. Осыдан кейін мәйіттер қалалық мәйітханаға жеткізіледі. Бас әскери тергеу басқармасының өкілдері жұмыс істеп жатқан Курск қаласында ДНҚ үлгілері алынып, жеке басты анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды ведомство қызметкері.
Украина Қарулы Күштерінің бөлімшелері 2024 жылдың 6 тамызында таңертең Курск облысындағы аумақты басып алу мақсатында шабуылға шықты. 2025 жылдың 26 сәуірінде Ресей Қарулы күштері Бас штабының бастығы Валерий Герасимов Ресей президенті Владимир Путинге Курск облысын украин әскерінен азат ету операциясының аяқталғаны туралы есеп берді.