Шығыс Қазақстанда жол апатынан бес адам қайтыс болды

© Скрин с видеоШығыс Қазақстанда жол апатынан бес адам қайтыс болды
Шығыс Қазақстанда жол апатынан бес адам қайтыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2025
Жазылу
Оқиға 4 қараша күні "Өскемен – Риддер" тас жолының 48-ші шақырымында болған
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының "Өскемен – Риддер" тас жолында жол апаты болып, салдарынан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиға 4 қараша күні "Өскемен – Риддер" тас жолының 48-ші шақырымында болған.
"ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima автокөлігін соқтығысқан. Оқиға салдарынан 5 адам жан тапсырып, 1 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді ведомстводағылар.
Қаза тапқандардың жеке басы мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, рұқсат етілген жылдамдықты асырмауды, ауа райы жағдайларын және техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертті.
ДТП на трассе Самара-Шымкент  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2025
Ақтөбеде 12 адамның өмірін қиған жол апаты: екі адам ауруханадан шықты
Жаңалықтар
0