https://sputnik.kz/20251104/semeyde-zhogalgan-qyz-tabyldy-58424873.html
Семейде жоғалған қыз табылды
Семейде жоғалған қыз табылды
Sputnik Қазақстан
Бала жергілікті жерді жақсы білмегендіктен адасып кеткен 04.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-04T09:18+0500
2025-11-04T09:18+0500
2025-11-04T09:18+0500
семей
қыз
оқушы қыз
полиция
https://sputnik.kz/img/07e7/02/09/31948026_0:141:3141:1908_1920x0_80_0_0_fb83f753715c8c6d5c3b1a195c829103.jpg
АЛМАТЫ, 4 қараша – Sputnik. Семейде жоғалған 11 жастағы қыз табылды, деп хабарлайды Абай облыстық полиция департаменті.Сағат 18:30 шамасында "102" арнасына 11 жастағы Саяна есімді қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Қыз бала сабақтан кейін үйіне оралмаған. Ата-анасының айтуынша, сағат 13:00-де Саяна сабақта болуы керек еді, алайда сол күні сабақ болмағандықтан, ол үйге өзі қайтпақ болған.Бейнебақылау камераларындағы жазбаларда Саяна әртүрлі көшелерде байқалған және жаңа деректер түскен сайын полиция күші сол бағыттарға шоғырландырылып отырды.Бала жергілікті жерді жақсы білмегендіктен адасып қалған.Фариза есімді қала тұрғынының қырағылығы мен қамқорлығының арқасында қыз бала табылып, үйіне жеткізілді.
https://sputnik.kz/20250925/astanada-politseyler-zhogalgan-qyzdy-tapty-57353284.html
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/09/31948026_205:0:2936:2048_1920x0_80_0_0_15c124765a056862b616771f16c47b3f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей, қыз, оқушы қыз, полиция
семей, қыз, оқушы қыз, полиция
Семейде жоғалған қыз табылды
Бала жергілікті жерді жақсы білмегендіктен адасып кеткен
АЛМАТЫ, 4 қараша – Sputnik. Семейде жоғалған 11 жастағы қыз табылды, деп хабарлайды Абай облыстық полиция департаменті.
Сағат 18:30 шамасында "102" арнасына 11 жастағы Саяна есімді қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Қыз бала сабақтан кейін үйіне оралмаған. Ата-анасының айтуынша, сағат 13:00-де Саяна сабақта болуы керек еді, алайда сол күні сабақ болмағандықтан, ол үйге өзі қайтпақ болған.
"Жасөспірімді іздеуге қала полициясының барлық қызметі жұмылдырылды. Жедел іздестіру топтары аулаларды, көшелер мен қоғамдық орындарды аралап, қыз баланың жүріп өтуі мүмкін бағыттарын тексерді. Қызды 200 полиция іздеді", - дейді ведомство.
Бейнебақылау камераларындағы жазбаларда Саяна әртүрлі көшелерде байқалған және жаңа деректер түскен сайын полиция күші сол бағыттарға шоғырландырылып отырды.
Бала жергілікті жерді жақсы білмегендіктен адасып қалған.
Фариза есімді қала тұрғынының қырағылығы мен қамқорлығының арқасында қыз бала табылып, үйіне жеткізілді.