Қазақстан астығы қай елдерге сатылды

© АО "НК "КТЖ"Вагоны-зерновозы
Вагоны-зерновозы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2025
Жазылу
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қазақстандық астықты сатып алған елдерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл қазақстандық астығын сатып алған елдер:
Иран (738,3 мың тн);
Әзербайжан (542,5 мың тн);
Алжир (181 мың тн);
Марокко (162 мың тн);
Грузия (76,3 мың тн);
Вьетнам (17,7 мың тн);
Португалия (14,2 мың тн);
Норвегия (13,6 мың тн);
Мысыр (11,6 мың тн);
Бельгия (10,6 мың тн);
Польша (4,9 мың тн);
Ұлыбритания (3 мың тн);
Біріккен Араб Әмірліктері (1,6 мың тн);
Армения (1 мың тн).
"Бүгінгі күннің өзінде жаңа өнімнен шамамен 2,2 млн тонна астық экспортталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға көп", - деді Сапаров үкімет отырысында.
Зерно - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2025
Министр егіс алқаптары азайғанмен астық былтырғыдан көп жиналғанын мәлімдеді
Жаңалықтар
0