https://sputnik.kz/20251104/pakistanda-togyzqumalaq-federatsiyasy-quryldy-58432507.html
Пәкістанда тоғызқұмалақ федерациясы құрылды
Пәкістанда тоғызқұмалақ федерациясы құрылды
Sputnik Қазақстан
Пәкістан ішкі істер вице-министрі Давуд Бареаш тоғызқұмалақ федерациясының президенті болып сайланды 04.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-04T15:40+0500
2025-11-04T15:40+0500
2025-11-04T15:43+0500
қазақстан
пәкістан
министрлік
https://sputnik.kz/img/old/1203/93/12039340_0:22:1200:697_1920x0_80_0_0_1b25075b2151b6029bdf15e04154fa86.jpg
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны – тоғызқұмалақтың халықаралық өрісі тағы да кеңейді, деп хабарлады спорт комитеті.Бүгін Пәкістан Ислам Республикасының астанасы Исламабад қаласында осы елдің Тоғызқұмалақ федерациясы ресми түрде ашылып, Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Іс-шараға Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Мақсат Раманқұлов, Қазақстан Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әкім Тұрсұн, атқарушы директор Серік Ақтаев, сондай-ақ Қазақстанның Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ержан Қыстафин қатысты.Жиналыс қорытындысы бойынша Пәкістан ішкі істер вице-министрі Давуд Бареаш тоғызқұмалақ федерациясының президенті болып сайланды.Бұл бастаманың жүзеге асуына Қазақстан елшілігінің қолдауы зор болды, дейді комиеттегілер.
https://sputnik.kz/20250918/zhasandy-intellekt-zhane-tsifrlyq-damu-ministrligi-quryldy-57194740.html
қазақстан
пәкістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1203/93/12039340_122:0:1079:718_1920x0_80_0_0_eb122d3f5eeea2fb913071b9c108d77a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, пәкістан, министрлік
қазақстан, пәкістан, министрлік
Пәкістанда тоғызқұмалақ федерациясы құрылды
15:40 04.11.2025 (жаңартылды: 15:43 04.11.2025) Пәкістан ішкі істер вице-министрі Давуд Бареаш тоғызқұмалақ федерациясының президенті болып сайланды
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны – тоғызқұмалақтың халықаралық өрісі тағы да кеңейді, деп хабарлады спорт комитеті.
Бүгін Пәкістан Ислам Республикасының астанасы Исламабад қаласында осы елдің Тоғызқұмалақ федерациясы ресми түрде ашылып, Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
"Елшілік бастамасымен Исламабадта салынып жатқан “Достық” спорт кешенінде қазақтың ұлттық спорт түрлері – Қазақ күресі мен Тоғызқұмалақ тұрақты түрде дамытылады. Кешен пайдалануға берілгеннен кейін Пәкістанның басқа ірі қалаларында да осындай орталықтар ашу жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Іс-шараға Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Мақсат Раманқұлов, Қазақстан Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әкім Тұрсұн, атқарушы директор Серік Ақтаев, сондай-ақ Қазақстанның Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ержан Қыстафин қатысты.
Жиналыс қорытындысы бойынша Пәкістан ішкі істер вице-министрі Давуд Бареаш тоғызқұмалақ федерациясының президенті болып сайланды.
Бұл бастаманың жүзеге асуына Қазақстан елшілігінің қолдауы зор болды, дейді комиеттегілер.