https://sputnik.kz/20251104/mektep-bagdarlamasyna-zhuzu-sabagy-engiziledi-58428486.html
Мектеп бағдарламасына жүзу сабағы енгізіледі
Мектеп бағдарламасына жүзу сабағы енгізіледі
Sputnik Қазақстан
Жүзу халық денсаулығын нығайтып қана қоймай, судағы қайғылы жағдайларды азайтуға мүмкіндік береді 04.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-04T12:08+0500
2025-11-04T12:08+0500
2025-11-04T12:08+0500
жүзу
сабақ
дмитрий баландин
https://sputnik.kz/img/07e9/01/06/49777814_0:68:1280:788_1920x0_80_0_0_e98786b61138bc6aeeb905bd8fab6981.jpg
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Жүзу сабағы мектептегі дене шынықтыру бағдарламасының бір бөлігіне айналады. Бұл туралы Қазақстанның су спорты түрлері федерациясының бас хатшысы Дмитрий Баландин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жүзу әрбір балаға қолжетімді болуы керек. Бұл - федерацияның негізгі ұстанымы.Осыған байланысты федерация Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп мектеп бағдарламасына өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр."Соның аясында жүзу сабағы мектептегі дене шынықтыру бағдарламасына енгізіледі. Оны алдымен Астана мен Алматыда пилоттық жоба ретінде іске асырады. Артынан республика бойынша кезең-кезеңімен енгізіледі", - деп түйіндеді Баландин.
https://sputnik.kz/20251029/aziadada-qazaqstandyq-zhuzgish-rekord-ornatty-58294798.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/06/49777814_70:0:1211:856_1920x0_80_0_0_150c927e91c6efdd82d3cd58b9421536.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүзу, сабақ, дмитрий баландин
жүзу, сабақ, дмитрий баландин
Мектеп бағдарламасына жүзу сабағы енгізіледі
Жүзу халық денсаулығын нығайтып қана қоймай, судағы қайғылы жағдайларды азайтуға мүмкіндік береді
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Жүзу сабағы мектептегі дене шынықтыру бағдарламасының бір бөлігіне айналады. Бұл туралы Қазақстанның су спорты түрлері федерациясының бас хатшысы Дмитрий Баландин мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жүзу әрбір балаға қолжетімді болуы керек. Бұл - федерацияның негізгі ұстанымы.
"Себебі жүзу халық денсаулығын нығайтып қана қоймай, судағы қайғылы жағдайларды азайтуға мүмкіндік береді. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, 2024 жылы әлем бойынша 236 мыңнан астам адам суға батып, қайтыс болған. Олардың 82 мыңы – 1-14 жастағы балалар. Бұл статистика халықты қарапайым жүзу дағдыларына үйрету қаншалықты маңызды екенін көрсетіп отыр", - деді Баландин үкімет отырысында.
Осыған байланысты федерация Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп мектеп бағдарламасына өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр.
"Соның аясында жүзу сабағы мектептегі дене шынықтыру бағдарламасына енгізіледі. Оны алдымен Астана мен Алматыда пилоттық жоба ретінде іске асырады. Артынан республика бойынша кезең-кезеңімен енгізіледі", - деп түйіндеді Баландин.