https://sputnik.kz/20251104/mangystau-oblysynda-itbalyq-qyryldy-58429020.html
Маңғыстау облысында итбалық қырылды
Маңғыстау облысында итбалық қырылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 4 қараша – Sputnik. Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы теңіз жағалауында итбалықтар қырылып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 04.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-04T14:36+0500
2025-11-04T14:36+0500
2025-11-04T14:36+0500
маңғыстау облысы
итбалық
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0f/39369679_0:296:768:728_1920x0_80_0_0_3668966d684e8ab07b757170e4ddaab5.jpg
АЛМАТЫ, 4 қараша – Sputnik. Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы теңіз жағалауында итбалықтар қырылып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қырылған итбалықтың ұзын-саны – 112. Теңіз жануарының қырылғаны туралы тұрғындар хабарлаған. Оқиға орнына іле-шала облыстық экология департаменті зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары шыққан.Асан елді мекенінен Форт-Шевченко қаласының жағажайына дейін 39 итбалық, Форт-Шевченко қаласының жағажайынан Баутин мүйісіне дейін 73 итбалық табылған.
https://sputnik.kz/20250107/sarapshylar-mangystauda-itbalyqtardyn-neden-qyrylganyna-bolzham-zhasady-49810719.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0f/39369679_0:224:768:800_1920x0_80_0_0_4fa77f4f5d25fe3b24c614d30a1fb7b1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, итбалық
маңғыстау облысы, итбалық
Маңғыстау облысында итбалық қырылды
АЛМАТЫ, 4 қараша – Sputnik. Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы теңіз жағалауында итбалықтар қырылып қалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қырылған итбалықтың ұзын-саны – 112. Теңіз жануарының қырылғаны туралы тұрғындар хабарлаған. Оқиға орнына іле-шала облыстық экология департаменті зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары шыққан.
"3 қарашада мамандар Түпқараған ауданы Форт-Шевченко, Баутин елді мекендерінің теңіз жағалауынан су сынамаларын алу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ облыстық балық инспекциясы басқармасымен бірлесіп, Асан елді мекенінен Баутин мүйісіне дейінгі Түпқараған ауданының жағалау сызығын мониторингтеу барысында 112 бас Каспий итбалығының өлексесі анықталды", - дейді Маңғыстау облыстық экология департаменті.
Асан елді мекенінен Форт-Шевченко қаласының жағажайына дейін 39 итбалық, Форт-Шевченко қаласының жағажайынан Баутин мүйісіне дейін 73 итбалық табылған.