Таразда полицейлерден қашпақ болған мас жүргізуші ұсталды

© Photo : пресс-служба МВД КазахстанаПолицейский
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2025
Жазылу
Патрульдік полиция экипажы жол қозғалысына қауіп төндірген BMW автокөлігін байқап қалған
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Таразда мас күйдегі BMW жүргізушісі полицейлерден қашпақ болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Түнгі уақытта Тараз қаласында полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегін анықтады. Патрульдік полиция экипажы жол қозғалысына қауіп төндірген BMW автокөлігін байқап қалған.
"Алайда жүргізуші полицияның заңды тоқтату талабына бағынбай, қашуға әрекеттенген. Құқық қорғау қызметкерлері көлікті тоқтатып, жүргізушіні ұстаған. Тексеру барысында ер адамның алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Оның әрекеті ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін еді, алайда полицейлердің қырағылығы мен кәсібилігінің арқасында ықтимал жол апатының алдын алынды. Жүргізушіге көлікті мас күйде басқарғаны, полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны және қарсы бағытқа шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Дорожно-патрульная полиция  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2025
Астанада судья мас күйде көлік жүргізген
Жаңалықтар
0