Солтүстік Қазақстандағы бөгетті реконструкциялауға 1,4 млрд теңге бөлінді

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2025
Жазылу
Жоба президенттің су тасқынына қарсы құрылыстарды нығайту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында қолға алынды
АСТАНА, 3 қараша — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Тепличное ауылындағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға үкімет резервінен шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды үкімет.
Бөгетті толық реконструкциялау жобасына автожолдарды қалпына келтіру, темірбетон плиталарын төсеу, дренаж жүйесі және абаттандыру кіреді.
"Барлық іс-шара аяқталғаннан кейін гидрологиялық нысанның жоғарғы деңгейі 2024 жылғы су тасқынының ең жоғары деңгейіне тең деңгейде белгіленеді", - деп жазылған хабарламада.
Жобаны жүзеге асыру мыңға жуық халқы бар Тепличное ауылын су тасқынынан қорғайды.
Үкімет елді мекендерді су тасқынынан қорғау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің деректері бойынша алты өңірде – Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіру және салу бойынша 57 жоба, оның ішінде 13 жаңа нысан құрылысы жүзеге асырылуда.
"Бүгінгі таңда 57 нысанның 40-ы аяқталды, 221 шақырым қорғаныс бөгеттері салынып, нығайтылды, бұл жұмыстың 91%-ын құрайды", - дейді мамандар.
Айта кетері, Тепличное ауылындағы қорғаныс бөгеті 1980 жылы пайдалануға берілген. Бастапқыда бөгеттің ұзындығы 380 метр, орташа ені 11 метр, орташа биіктігі 4 метр болған.
2024 жылғы су тасқыны кезінде СҚО Қызылжар ауданының аумағында жергілікті табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Есіл өзенінің тасуы салдарынан Тепличное ауылындағы қорғаныс бөгеті апатты жағдайға тап болды. 2024 жылғы су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары кезінде бөгеттің ұзындығы ұлғайтылды.
Алматы облысында 130 млн теңгеге салынған бөгетті су шайып кетті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2025
Видео
Алматы облысында 130 млн теңгеге салынған бөгетті су шайып кетті (ВИДЕО)
Жаңалықтар
0